"Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету және оны орындаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда № 6816 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету және оны орындаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6368 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 351-352 (26195) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету және оны орындау ережелерінде:
      4-тармақта «сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауарларды классификациялау құжаттары (СЭҚ ТН)» деген сөздер «келісімшартқа Қазақстан Республикасының кеден органдары беретін Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытынды.
      Бұл ретте, егер келісімшартта мұндай тауарды бірнеше рет жеткізу көзделсе, онда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша беріледі, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі беріледі.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Міндеттемеде көрсетілген уақытша әкелінген тауарларды әкету мерзімі біткенге дейін қосымша келісіммен шартқа (келісімшартқа) өзгерістер енгізілген жағдайда, онда салық төлеуші бұрын табыс еткен міндеттемені қайтарып алу жолымен бір мезгілде жаңа міндеттемені табыс етеді.»;
      көрсетілген Ережелерге 2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Министр                                         Б. Жәмішев

2011 жылғы 25 ақпандағы       
"Уақытша әкелінген тауарларды,
көлік құралдарын Қазақстан    
Республикасының аумағынан     
кейіннен әкету туралы         
міндеттемені табыс ету және   
оны орындаудың ережесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы  
16 шілдедегі № 353 бұйрығына  
өзгерістер мен толықтыру енгізу
туралы Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің бұйрығына   
қосымша               

Уақытша әкелінген тауарларды,
көлік құралдарын Қазақстан   
Республикасының аумағынан    
кейіннен әкету туралы        
міндеттемені табыс ету және  
оны орындаудың ережесіне     
2-қосымша             

Кеден одағына уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені орындау жөніндегі есеп

      Қолданушылардың назарына!
      Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығышта алуға болады.

      Ескертпе:
      Салық төлеуші келесі мәліметтерді көрсетеді.
      1. «Есеп табыс етілетін Міндеттеме туралы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші:
      1) 1-жолда Есеп табыс етілетін Міндеттеменің кіріс нөмірі;
      2) 2-жолда Есеп табыс етілетін Міндеттемені қабылдаған күн.
      2. «Жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші міндетті түрде мынадай деректерді көрсетеді:
      «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші міндетті түрде мынадай деректерді көрсетеді:
      1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      3) тауарларды, көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе аты-жөні. Жол міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      Заңды тұлға үшін жарғылық құжаттарына сәйкес атауы, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
      4) салық төлеушінің санаты. Салық төлеуші қандай санатқа жататындығына қарай А, В, С, D, E, F, G торкөздердің бірі міндетті түрде белгіленеді;
      4 А жолында торкөздердің бірі міндетті түрде белгіленуі тиіс. I торкөз резиденттің тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгіленеді. II торкөз қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместің тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгіленеді;
      4 В жолы егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын, тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыратын тұлға Салық кодексінің 276-2-бабы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарына белгіленген шартарды сақтаған кезде толтырады. Егер құрылымдық бөлімше шарттың (келісімшарттың) тарабы болып табылса, 4 ВI торкөз белгіленеді. Егер құрылымдық бөлімше шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды алушы болып табылса, 8 ВII торкөз белгіленеді;
      4 С торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде жеке тұлға белгілейді;
      4 D торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде жеке нотариус белгілейді;
      4 Е торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде адвокат белгілейді;
      4 F торкөз шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды уақытша әкелген кезде белгілейді;
      5) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, көлік құралдарын әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет, аумағынан тауарларды, көлік құралдарын әкелу жүргізілген ілеспе жүкқұжаттар бойынша кеден одағына мүше мемлекет көрсетіледі;
      6) валюта коды
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес валюта коды міндетті түрде көрсетіледі;
      3. «Уақытша әкелінген тауарлар, көлік құралдары туралы мәліметтер» бөлімінде:
      1) 9-жолда ілеспе келісімге (шартқа), ілеспе жүкқұжаттарға, техникалық паспортқа, шот-фактураға, жүкқұжатқа сәйкес тауарлардың, көлік құралдарын атауы көрсетіледі;
      2) 9-жолда тауарлардың СЭҚ БТН коды көрсетіледі, ол сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды бойынша уақытша әкелінген тауарлардың жіктемесін растайтын құжаттардың негізінде айқындалады;
      3) 11-жолда тауарлардың, көлік құралдарының әкелінген растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі;
      4) 12-жолда тауарлардың айрықшылық белгілері, оның ерекшілігі, ал көлік құралдары үшін: түрі мен маркасы, қозғалтқыштың нөмірі, шассиі, шанақтың, тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      5) 13-жолда Әкетілген тауарлардың, көлік құралдарының саны Міндеттемеде көрсетілгеннен артық емес өлшем бірлігі көрсетіледі;
      6) 14-жолда бұрын алдын Міндеттемеде көрсетілген құнын ескерумен әкетілген тауарлардың, көлік құралдарының құны көрсетіледі;
      7) 15-жолда Салық кодексінің 276-15-бабының 3-тармағы орындалған жағдайда кемітуге жататын ҚҚС көрсетіледі.
      4. «Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені орындау туралы Есеп» бөлімінде:
      1) 16-жолда Уақытша әкелінген мерзімінде Міндеттемеде мәлімделген уақытша әкелінген мерзімі күнтізбелік айларда көрсетіледі;
      2) 17-жолда Уақытша әкелінген нақты мерзімінде уақытша әкелінген нақты мерзімі күнтізбелік айларда, уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының мақсаты мен жағдайы келісімшарттар мен ілеспе жүкқұжаттарға сәйкес әкелудің және әкетудің күнін нақтылаумен көрсетіледі.
      5. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:
      1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында жарғылық құжаттарына сәйкес басшының аты-жөні (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Міндеттемені жеке тұлға тапсыратын болса, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттарға, жеке кәсіпкер үшін жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
      2) Есепті тапсыру күні жолында Есепті салық органына тапсыру күні көрсетіледі;
      3) салық органының коды жолында салық төлеуші орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
      4) «Есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Есепті қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
      5) Есепті қабылдаған күн жолында осы Ереженің 4-тармағына сәйкес Есептің берілген күні көрсетіледі;
      6) құжаттың кіріс нөмірі жолында Есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      Осы тармақтың 4)-6) тармақшаларында көрсетілген, Міндеттемені табыс еткен мәліметтерді салық органының лауазымды тұлғасы толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады