Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 89 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда N 6822 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 371 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 89 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау
жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Нұсқаулық "Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылы 2 шілдедегі N 1503-ХII қаулысымен бекiтiлген Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға 18-Қосымшаның, Әуе бойынша қауiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтарында, Doc 9284-AN/905, ИКАО (бұдан әрi - Техникалық нұсқаулықтар) және осы Нұсқаулықтағы талаптар мен ережелердi сақтау кезiнде әуе кемесiне және оның iшiндегi жолаушыларға қауiп төндiрмей қауiптi жүктердi тасымалдана алатын кездегi ұшу қауiпсiздiгiнiң осындай деңгейiн бiр мезгiлде қамтамасыз ету және тасымалдарды жеңiлдетуге бағытталған шарттарды белгiлейдi.

      3. Осы Нұсқаулықта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) бекіту - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келесілерге беретін рұқсаттама:

      - Техникалық нұсқаулықтарда жолаушылар және (немесе) жүк әуе кемелерінде тасымалдауға тиым салынған деп көрсетілген және ондай жүктер бекітуі бар болған жағдайда тасымалдануы мүмкін деген қауіпті жүктерді тасымалдауға;

      2) босату - Техникалық нұсқаулықтар ережелеріндегі босатуды көздейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін бекітуден өзге рұқсаттама;

      3) қауіпті жүктер - Техникалық нұсқаулықтардағы қауіпті жүктер тізімінде көрсетілген немесе осы Нұсқаулыққа сәйкес сыныпталатын қоршаған ортаға немесе мүлікке, қауіпсіздікке, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін бұйымдар немесе заттар;

      4) қауіпті жүктермен байланысты оқиға - нәтижесінде қандайда бір адамды өлімге әкелетін дене жарақатын алған немесе күрделі дене жарақатын алған немесе мүлікке және қоршаған ортаға күрделі зақым әкелген қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты оқиға.

      5) қауіпті жүктермен байланысты инциденттер - қауіпті жүктерді әуе бойынша тасымалдаумен байланысты, әуе кемесінің бортында ғана емес және қауіпті жүктерге байланысты оқиға болып табылмайтын, буып-түйу жиынтықтың бұзылғанын куәландыратын құбылыстарға, қандайда бір адамның дене жарақатына алып келетін, мүлікке немесе қоршаған ортаға зақым келтіруге, өртке, бүлінуге, сұйықтық немесе радиацияның төгілуіне соқтықтыратын инцидент. Сондай-ақ, әуе кемесіне немесе оның бортындағы адамдарға қауіп төндіретін, қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты кез-келген оқиға қауіпті жүктермен байланысты инцидент ретінде қаралуы мүмкін;

      6) күрделі авиациялық инцидент - әуе кемесін пайдаланып ұшуды орындау ниетімен байланысты, авиациялық оқиғаның болуына жоғары мүмкіндік орны болған мән-жайын көрсететін инцидент;

      7) Техникалық нұсқаулықтар - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Кеңесі белгілеген рәсімдерге сәйкес бекітілетін және кезең-кезеңмен шығарылатын, әуе бойынша қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтар;

      - Техникалық нұсқаулықтарда қамтылған басқа мақсаттар үшін;

      4. Техникалық нұсқаулықтар тізбесінде көрсетіліп топтастырылған адам денсаулығы мен мүлік пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін қауіпті нәрселер мен заттар (бұдан әрі - қауіпті жүктер) Техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес әуе кемелерімен тасымалданады.

      5. Азаматтық авиация саласының уәкілетті органы бекітетін, әуе кемесін пайдалану ережелерінің және ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес әуе кемесінің бортында қажетті қауіпті жүктер осы Нұсқаулық талаптарына таратылмайды.

      6. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру үшін ауыстыруға арналған немесе әуе кемесінен сол мақсатпен алынған қауіпті деп топтастырылатын бұйымдар және заттар әуе кемесінің бортында Техникалық нұсқаулықтардың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тасымалданады.

      7. Қауіптілік деңгейі бойынша қауіпті жүктер Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес топтастырылады.

      8. Тасымалдауға Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2011 жылғы 14 наурызда 6805 нөмірімен тіркелген (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекітілген) Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiнде (бұдан әрi - Тiзбе) және Техникалық нұсқаулықтарда аталған қауiптi жүктер қабылданады.

      9. Сыныптандырылмаған, таңбалануы, қауіптік белгілері және (немесе) буып-түйілуі Техникалық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес келмейтін қауiптi жүктер әуе кемелерiмен тасымалдау үшін қабылданбайды.

      10. Шет елдік авиакомпаниялар қауiптi жүктерді тасымалдауын азаматтық авиация саласының уәкілетті органы беретін арнайы рұқсаттама шарттарына сәйкес және оның негізінде жүзеге асырады.

      11. Әуе кемесін пайдаланушы қауіпті жүктерді әуе бойынша тасымалдауға қатысты құжаттардың үш айдан кем емес мерзімге немесе тиісті мемлекеттермен көрсетілген, қауіпті жүктерді тасымалдау рейстері орындалғаннан кейінгі басқа кез келген мерзімде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      12. Келесі құжаттардың сақталуы қажет:

      1) қауіпті жүктерді тасымалдау құжаты;

      2) қабылдаудың бақылау парағы;

      3) әуе кемесінің командиріне жазбаша ақпарат.

2. Қауiптi жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға, сараптауға, буып-түюге және жүктік жөнелтуге қатысатын персоналға қойылатын талаптар

      13. Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген пайдаланушы, жүкжіберуші (жүкжөнелтуші) және басқа да адамдарды қамтитын және қауiптi жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға, сараптауға, топтастыруға және буып-түюге қатысатын персонал Техникалық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес азаматтық авиация ұйымдары әзірлейтін арнайы бағдарламалар бойынша бастауыш және кезең-кезеңмен дайындық түрлерінен өтуі тиіс.

      Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпті жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға қатысатын пайдаланушы мамандарды қамтитын және ұшу экипажының мүшелері, сертификатталған авиациялық оқу орындарында (орталықтарында) арнайы бағдарламалар бойынша бастауыш және кезең-кезеңмен дайындық түрлерінен өтуі тиіс.

      Бағдарламалар Техникалық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес әзірленеді және жаңартылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.07.2015 № 801 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Дайындықтан өткен персоналда тиісті сертификат (куәлік) болуы қажет. Сертификаттың (куәліктің) жарамдылық мерзімі 2 жылды құрайды.

      Персоналды даярлау туралы мәлімет соңғы дайындықтан өтудің аяқталу күнінен бастап 3 жыл ішінде сақталады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оның сұратуы бойынша беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.07.2015 № 801 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі шектеулер

      15. Техникалық нұсқаулықтарда және осы нұсқаулықта көрсетілгеннен тыс жағдайларда қауіпті жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынады.

      16. Техникалық нұсқаулықтарда әдеттегі жағдайда әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған ретінде көрсетілген қауіпті жүктерді және осы Нұсқаулықтың 54-тармағына сәйкес босатудың немесе мемлекеттік жөнелтуші берген босатуға (рұқсатқа) сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдау мүмкіндігі туралы техникалық нұсқаулықтарда көрсетілуі туралы нұсқауы болмаған кезде жұқпалы жануарларды әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынады.

      17. Әр түрлі жағдайларда әуе кемелерімен тасымалдау үшін тыйым салынған деп Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген әрбір түрдегі әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдауға тыйым салынады.

4. Қауіпті жүктерді буып-түюге қойылатын талаптар

      18. Қауіпті жүктер осы Нұсқаулыққа және Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес буып-түйілетін жинақтарда (ішіндегі затты ұстап тұруды қамтамасыз етуге қажетті ыдыс немесе өзге компоненттер мен материалдар) буып түйіледі және тасымалданады.

      19. Буып-түю жиынтықтарына қойылатын талаптар Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген.

      20. Буып-түю жинақтары Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес сынақтан өтеді.

      21. Сұйық қауіпті жүктерді тасымалдау үшін Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген қысым мәніне төзімді болып келетін буып-түю жиынтықтары пайдаланылады.

      22. Буып-түю жиынтықтары қауіпті жүкпен қатерлі іс-қимылға түспейтін арнайы қаттамалармен және сіңіріп алатын материалдармен қорғалады және жабдықталады.

      23. Буып-түю жиынтығы, оны тат басудың немесе басқа да зақымданудың болмауын анықтайтын тексеруден өтпейінше қайтадан пайдаланылмайды.

      24. Егер бос тазартылмаған буып-түю жинақтары қауіп төндіретін болса, онда олар төндіретін қауіптің деңгейіне қарай тығыз жабылады және өңделеді.

      25. Жүк орнының (әуе кемесінде тасымалдануға дайындалған буып-түйілген жинағы және оның ішіндегі зат) сыртқы жағында қоршаған ортаға залалын тигізетін қауіпті заттардың мөлшерінде болуына жол берілмейді.

5. Қауіптілік белгілерінің таңбаларын
салуға қойылатын талаптар

      26. Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес қауіпті жүктің жүк орны қауіптік белгілермен таңбаланады.

      27. Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес қауіпті жүктің жүк орны оның ішіндегі заттың тиеп жөнелту атауын және нөмірін көрсетіп таңбаланады.

      28. Буып-түю жиынтығы Техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес әзірленеді және таңбаланады. Буып-түю жиынтығы, егер ол Техникалық нұсқаулықтардың буып-түюге байланысты талаптарына сәйкес келмейтін болса, техникалық талаптардың көрсетілуімен таңбаланып жабдықталмайды.

6. Жүк жөнелтушіге қойылатын талаптар

      29. Жүк жөнелтуші қауіпті жүктерді анықтап, әуе кемесімен тиісті түрде тасымалдау үшін дайындайды (пайдаланушының бір жүк жөнелтушіден бір мезгілде және бір мекенжайға, бір партияға қосылған және бір жүк алушыға, бір жеткізу пунктіне қабылданған қауіпті жүгі бар бір немесе бірнеше жүк орны).

      Әуе кемесімен тасымалдау үшін қауіпті жүктің жүк орнын немесе сыртқы орамын (орам бір немесе бірнеше жүк орнын біріктіреді және пакеттеудің құралы болып табылмайды) ұсынудың алдында жүк жөнелтуші қауіпті жүктің әуе кемесімен тасымалдануына тыйым салынбағанына, жіктелгеніне, буып-түйілгеніне, таңбаланғанына, қауіптілік белгілерімен жабдықталғанына және жүк жөнелтушінің осы Нұсқаулыққа және Техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес рәсімделген қауіпті жүктің ілеспе декларациясының (қауіпті жүкті тасымалдау құжаты) болуына көз жеткізеді.

      30. Әуе кемесімен тасымалдау үшін қауіпті жүкті ұсынатын тұлға, Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген жағдайлардан басқа, жүк жөнелтуші Техникалық нұсқаулықтарда көзделген ақпараты бар қауіпті жүкке декларация құрастырады, қол қояды және пайдаланушыға тапсырады.

      31. Жүк құжаттамасында әуе кемесімен тасымалдануға ұсынылған қауіпті жүктің жүк жөнелтушінің атауларына сәйкес толық деңгейде, дәл жіктелген, буып-түйілген, таңбаланған, қауіптілік белгілермен жабдықталған, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың және Техникалық нұсқаулықтардың талаптарын сақтай отырып әуе кемесімен тасымалдауға дайын қалыпта екені туралы мәлімет беретін, қауіпті жүкке жүк жөнелтушінің декларациясы туралы ақпарат болады.

7. Пайдаланушыға қойылатын талаптар

      32. Пайдаланушы әуе кемесімен тасымалдауға қауіпті жүктерді келесі жағдайларда тасымалдауға қабылдамайды:

      1) егер қауіпті жүктерге, Техникалық нұсқаулықтарда осындай құжаттардың болуы талап етілмейді деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жүк жөнелтушінің декларациясы болмаса;

      2) Техникалық нұсқаулықтарда белгіленген тәртіпке сәйкес жүк орнын сыртқы орамасыз немесе қауіпті жүк тиелген контейнерін тексеруден өткізбей;

      3) егер буып-түю жиынтықтары әуе кемесімен қауіпті жүкті тасымалдаудың қалыпты жағдайларында олардың бүлінуінен, қауіпті жүктің ағып кетуінен сақтайтын және сыртқы орам ішінде жылжуына, орын ауыстыруына бақылау жасауды қамтамасыз ететін қабаттармен қорғалмаса және жабдықталмаса;

      33. Әуе кемесінің бортына қауіпті жүктердің орамдарын және радиоактивті материалдармен жүк контейнерлерді тиеу және оларды орналастыру Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады. Радиоактивті материалдарға арналған буып-түю жинақтарына қойылатын талаптар Техникалық нұсқаулықтардың 2-бөлімінде қамтылған.

      34. Қауіпті жүктермен жүк орындары, қауіпті жүк материалдары салынған сыртқы орамдары және жүк контейнерлері (кез келген типті жүк контейнері, авиациялық контейнер, торы бар авиациялық астау, қорғаныш қалпағының үстіндегі торы бар авиациялық астау) радиоактивті материалдармен әуе кемесінің бортына немесе қауіпті жүкті пакеттеу құралына жеткізілмес бұрын ағып кетуінің немесе бүлінуінің болмауы жағынан тексеріледі.

      Ағып кету орын алған және бүлінген жүк орындары, сыртқы орамдар және жүк контейнерлері әуе кемесінің бортына тиеуге жіберілмейді.

      35. Қауіпті жүктерді пакеттеу құралы, оларда орналасқан қауіпті жүктің ағып кетуін немесе бүлінуінің жоқтығын анықтайтын тексеруден өтпегенше әуе кемесінің бортына тиеуге жіберілмейді.

      36. Әуе кемесінің бортына тиелген қауіпті жүктің жүк орны зақымдалған немесе ағып кетуі байқалған болса, пайдаланушы тиеуді жүргізіп жатқан жөнелтушінің немесе ұйымның әуе кемесі бортынан осындай жүктің түсірілуіне барлық шараларды қабылдайды.

      37. Қауіпті жүктермен сыртқы орамдары, радиоактивті материалдармен контейнерлер қойылған жүк орындары әуе кемесінен немесе қауіпті жүктерді пакеттеу құралынан түсірілген кезде бүліну немесе ағып кету жағынан тексеріледі.

      Бүліну немесе ағып кету сипаттары байқалған болса әуе кемесінің бортындағы аталған қауіпті жүктер немесе қауіпті жүктерді пакеттеу құралы орналастырылған аймақтары зақымдалуын немесе былғануын анықтау мақсатында тексеріледі.

      38. Техникалық нұсқаулықтарда көзделген жағдайлардан басқа, қауіпті жүктер әуе кемесінің жолаушылар салонында немесе әуе кемесінің экипаж кабинасында тасымалданбайды.

      39. Әуе кемесі бортында қауіпті жүктердің ағып кетуі немесе бүлінуі нәтижесінде болған қауіпті ластанулар дереу жойылады.

      40. Радиоактивті материалдармен ластанған әуе кемесі кез келген жеткілікті жазықта радиация деңгейі немесе бекітілмеген ластану деңгейі Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген мәндерден төмен болмайынша пайдаланудан шұғыл түсіріледі.

      41. Бір-бірімен қауіпті әрекетке түсуі мүмкін қауіпті жүк қойылған жүк орындары әуе кемесі бортында қатар немесе ағып кету жағдайында өзара әрекетке түсулеріне әкеліп соғатын қалыпта орналастырылмайды.

      42. Әуе кемесі бортында улы немесе инфекциялық заттармен жүк орындары Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес орналастырылады.

      43. Радиоактивті материалдармен жүк орындары әуе кемесінің бортында адамдардан, жануарлардан немесе шығарылмаған фотопленкадан бөлек, Техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес орналастырылады.

      44. Егер қауіпті жүктер әуе кемесінің бортына осы Нұсқаулыққа сәйкес орналастырылған болса, пайдаланушы қауіпті жүктердің бүлінуден сақталуын қамтамасыз етеді.

      Қауіпті жүк әуе кемесінің бортында оның ұшу барысында қозғалып кетуін болдырмайтындай етіп бекітіледі.

      45. "Тек жүк әуе кемесімен" деген белгісі бар қауіпті жүк әуе кемесінің бортында, әуе кемесінің экипаж мүшесі немесе басқа да уәкілетті тұлға қауіпті жүкті қарап отыруға мүмкіншілік беретіндей болып, қажет болған жағдайда Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген жағдайлардан басқа ұшу кезінде оларды басқа жүктерден бөле алатындай болып орналастырылады.

8. Қауіпті жүк жөнінде ақпарат ұсыну

      46. Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген аса қауіпті жүкті әуе кемесімен тасымалдау үшін қабылдауды пайдаланушы жүк жөнелтушімен жөнелту және жүк қабылдаушымен аса қауіпті жүкті қабылдауға дайындығы туралы растауды алғаннан кейін, сондай-ақ әуе кемесінің ұшу бағыты бойынша барлық әуежайлардың ерекше қауіпті жүкті қабылдау және өңдеудің дайындығы туралы растауды алғаннан кейін жүзеге асырады.

      47. Әуе кемесінің қауіпті жүкпен ұшуы алдында, пайдаланушы немесе жүк және поштаға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әуежайлық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (әуежайда жүкті жердегі өңдеу бойынша агент) қауіпті жүкті әуе кемесіне тиегенге дейін әуе кемесінің командиріне Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес қауіпті жүк туралы жазбаша ақпарат береді. Әуе кемесі командиріне ұсынатын ақпарат мыналарды қамтиды:

      1) авиажүк ілеспе қағазының нөмірі (егер ол берілген болса);

      2) Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілгендей тиісті жөнелтім атауымен, қажеттілігіне қарай техникалық атаумен және БҰҰ тізімі бойынша нөмірімен;

      3) сыныбы мен санаты, сондай-ақ сәйкес келу 1-тобы сыныбы болған жағдайда сандық мәнін көрсете отырып, қосымша қауіптілік қойылған белгілеріне сәйкес келетін қосымша қауіптілігі;

      4) қауіпті жүктерді тасымалдау құжатында көрсетілген буып түю тобын;

      5) жүк орны, саны және оларды тиегеннен кейінгі орналасқан нақты жері;

      6) нетто саны немесе егер қолданылатын болса, радиоактивтік материалдардан немесе қауіпті жүкті тасымалдау құжатында нетто саны мен брутто салмағын көрсету талап етілмейтін қауіпті жүктерден басқа әрбір жүк орнының брутто салмағы;

      7) радиоактивті материалдар үшін - жүк орны, сыртқы буып түюлердің немесе жүк контейнерлерінің саны, солардың санаты, көлік индексі (егер талап етілсе) және олардың тиелгеннен кейінгі нақты орналасқан орны;

      8) осы жүк орны тек жүк әуе кемесімен тасымалдануы тиістілігі туралы нұсқау;

      9) жүк орнының түсірілуіне тиісті әуеайлақ;

      10) бұл қауіпті жүктердің осы мемлекеттен берілген босатуына сәйкес тасымалданатыны туралы нұсқау;

      11) ұшу барысында әуе кемесінің бортында авариялық жағдай туған жағдайда пайдаланушы (тасымалдаушы), жөнелту және тағайындалған әуежайлар әуе кемесінің бортындағы қауіпті жүк туралы ақпарат ала алатын жүк жөнелтушінің телефон нөмірі.

      48. Қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің ұшуы алдында пайдаланушы тағайындалған әуежайға әуе кемесінің бортындағы қауіпті жүк туралы ақпарат береді.

      49. Пайдаланушының ұшуларды орындау жөніндегі басшылығында әуе кемесінің ұшу экипажымен қауіпті жүкті тасымалдауды орындау үшін және қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің бортында авариялық жағдай туған кездегі әрекеттері туралы қажетті ақпараты болады.

      50. Әуежайлар әкімшілігі, пайдаланушылар, жүк жөнелтушілер және басқа ұйымдар өз персоналына қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты өз тапсырмаларын орындау үшін қажетті ақпаратты ұсынады және қауіпті жүкпен авариялық жағдай пайда болғандағы әрекеттері туралы нұсқаулар береді. Қажетті ақпарат рәсімімен бірге Техникалық нұсқаулықтарға және Әуе кемелеріндегі қауіпті жүкке байланысты инцидент болғанда авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес әзірленеді.

      51. Қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің бортында ұшу барысында авариялық жағдай пайда болса, әуе кемесінің командирі Техникалық нұсқаулықтарға және Әуе кемелеріндегі қауіпті жүкке байланысты инцидент болғанда авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес бұл туралы осы ақпаратты әуе кемесінің қону әуежайына беру мақсатында, әуе қозғалысына қызмет ету органына хабарлауы қажет.

      52. Қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің бортында авиациялық оқиға немесе күрделі авиациялық инцидент болған жағдайда пайдаланушы алдын-ала, авариялық-құтқару жұмыстары басталғанға дейін әуе кемесі бортындағы қауіпті жүк туралы мәліметті авиациялық оқиға немесе күрделі авиациялық инцидентке байланысты жұмылдырылған авариялық қызметтерге береді. Пайдаланушы авиациялық оқиға немесе күрделі авиациялық инцидент болған мемлекеттің және пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы тиісті уәкілетті органдарына 24 сағат ішінде мәлімет береді.

      53. Күрделі авиациялық инцидент болған жағдайда қауіпті жүк тиелген әуе кемесінің пайдаланушысы алдын-ала сұрау салу бойынша авариялық-құтқару жұмыстары басталғанға дейін күрделі авиациялық инцидентке байланысты жұмылдырылған авариялық қызметтерге және авиациялық күрделі инцидент болған мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы тиісті уәкілетті органына әуе кемесінің бортындағы қауіпті жүктер туралы мәліметтерді береді.

9. Азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдауға тыйым салудан босатуға қойылатын талаптар

      54. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес, ерекше жағдайларда азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдауға тыйым салудан босату ұсынады:

      азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті жүктерді басқа көліктік құралдармен тасымалдау мүмкіншілігі болмайтын жағдайда және (немесе),

      қауіпті жүктерді жедел тасымалдау төтенше жағдайлармен байланысты қажеттілігі болғанда.

      Төтенше жағдайлармен байланысты қауіпті жүктерді тасымалдау қажеттілігіне себеп болатын жағдайлар:

      1) гуманитарлық және экологиялық көмек көрсету;

      2) эпидемия;

      3) ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты;

      4) адамдарды құтқару (авариялық-құтқару жұмыстары);

      5) тағайындалған жерге жүкті (жүктерді) көліктің балама түрлерімен жеткізу мүмкіншілігі болмағанда.

      55. Қауіпті жүктерді тасымалдауға босату алу үшін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) әуе бойынша бұйымдарды немесе заттарды тасымалдау қажеттілігіне негіздеме;

      2) Техникалық нұсқаулықтарда көзделген деңгейге тасымалдау кезінде қауіпсіздік деңгейі қамтамасыз етілетіні көрсетілген негіздеме;

      3) Барлық нақтыланған техникалық мәліметтерімен жүктің атауы, сыныптығы және БҰҰ тізімі бойынша нөмірі;

      4) ұсынылатын буып-түю жиынтығы;

      5) тасымалданатын жүктің орын саны;

      6) өңдеу түрлері және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер;

      7) жүк жіберуші мен жүк алушының атаулары мен мекенжайлары;

      8) жөнелту, транзиттік, тағайындалған әуежайлары және болжамданған тасымалдау мерзімдері;

      9) әуе кемесінің ұшу жоспары.

      56. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен берілетін босатуда келесі мәліметтер мазмұндалады:

      1) қауіпті жүктің БҰҰ тізімі бойынша нөмірі, тиісті жөнелтілу атауы және сыныптауы;

      2) буып-түйю жиынтығы және қолданылатын саны;

      3) осы Нұсқаулықтың 55-тармағындағы 6), 7), 8), тармақшаларында аталған ақпарат;

      4) қауіпті жүктерді тиеуге/түсіруге қатысты талаптар, Қазақстан Республикасы аумағына қондырылмай орындалатын рейстерді есепке алмағанда;

      5) босатудың қолданылу мерзімі (босатуды беру мерзімінен бастап бір айдан аспайды).

      Босату азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен бекітіледі және бір данасы тиісті пайдаланушыға ұсынылады.

      57. Босатуды беру тек жүк тасымалдайтын әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдауға ғана көзделеді.

      Жолаушылар әуе кемелерінде босату болған жағдайда қауіпті жүктерді тасымалдау жолаушыларсыз орындалады.

11. Әуе кемесімен қауіпті жүк тасымалдаумен байланысты авиациялық оқиға және күрделі авиациялық инциденттер туралы есеп беру

      58. Әуе кемесімен қауіпті жүк тасымалдаумен байланысты авиациялық оқиға немесе күрделі авиациялық инциденттердің алдын алу мақсатында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды зерттеуге қатысады және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде болған авиациялық оқиға және күрделі авиациялық инциденттер туралы ақпарат жинақтауды жүргізеді:

      1) тікелей Қазақстан Республикасы аумағында;

      2) Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттен немесе басқа мемлекетке Қазақстан Республикасынан тасымалдаған жағдайда.

      59. Әуе кемесімен қауіпті жүк тасымалдаумен байланысты авиациялық оқиғалар және күрделі авиациялық инциденттер бойынша есептер құрастырылады.

      60. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің бортында декларацияланған немесе қате декларацияланған қауіпті жүктерді тасымалдау деректерін тексеруді жүргізеді және ақпарат жинайды.

11. Қауіпті жүктерді тасымалдаудағы қауіпсіздік техникасы және санитарлық гигиена бойынша қойылатын талаптар

      61. Қауіпті жүктермен жұмысқа, алдын ала медициналық тексеруден және қауіпті жүктерді тиеу және түсіру кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткен адамдар жіберіледі.

      62. Қауіпті жүктермен жұмысқа денсаулығы бойынша шектеулер бар адамдар, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер және омыраудағы баласы бар әйелдер жіберілмейді.

      63. Әуе кемесінің экипажы және қауіпті жүктермен жұмыс істейтін адамдар қорғаныс, залалсыздандару, индикация құралдарымен (тасымалданатын жүктің түріне байланысты) қамтамасыз етіледі, сонымен қатар оларды пайдалану ережелеріне үйретіледі. Аталған жұмыс кезінде қолданылатын жеке қорғаныс, индикация және заласыздандыру құралдарын жүкті жөнелтуші қамтамасыз етеді. Қорғаныс құралдарсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      64. Қауіпті жүктермен жұмыс істеу кезінде тамақ жеуге, ішуге, шылым шегуге, сонымен қатар жұмыс істеу аумағында арнайы киімсіз болуға рұқсат етілмейді. Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет.

      65. Сумен өзара әрекетке түсу нәтижесінде жалындайтын қауіпті жүктерді жаңбыр кезінде, сонымен қатар нөсер кезінде кез келген өрт қаупі бар қауіпті жүктерді тиеуді және түсіруді жүргізу рұқсат етілмейді.

      66. Қауіпті жүктерді тиеу, түсіруді жүргізуге двигательдер жұмыс істеп тұрған кезде, әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарын құйған кезде, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету кезінде рұқсат етілмейді.

      67. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын әуе кемелері, қамтылған өртке қарсы құрал-жабдықтарынан өзге, жүк жөнелтушілерден ұсынылған өрт сөндірудің қосымша құралдарымен жабдықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады