Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 № 20 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.02.2016 № 65 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ғ.Т. Төлебаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 28 ақпанда
№ 37 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану
саласындағы тексеру парағының нысаны
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 12.10.2013 № 234 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Иә |
Жоқ |
1 |
іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы |
||
2 |
көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы |
||
3 |
азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы |
||
4 |
құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі |
||
5 |
актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы |
Тексерудің аяқталу мерзімі: 20 жылғы «__» __________
Тексеруді жүргізген(дер): ________ ______ _________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
__________ _____ __________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бақылау субъектісінің
басшысы: __________ _____ __________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)