Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының "Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 305 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылы 11 наурыздағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 сәуірде № 6879 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 99 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 99 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының «Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6627 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесіне:
      6-тармақта:
      5) тармақшасы алып тастылсын;
      мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
      «6) өзiне жеке сот орындаушысы қызметiне тағайындалғанға дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      8) бұрын мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған.».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                 Р. Түсіпбеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады