"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 сәуірде № 6900 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 21 сәурдегі № 5191 тіркелген және «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде:
      51525657-тармақтардағы «(докторант, магистрант)», «(докторанты, магистранты)» деген сөздер алынып тасталсын;
      58-тармақта «51, 52 және 56» деген сандар «39, 43, 52, 53, 54, 56 және 57» деген сандармен ауыстырылсын;
      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «85. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.»;
      95-тармақтың үшінші бөлігін алынып тасталсын;
      102-тармақта «ресімделіп» деген сөзден кейін «осы Ереженің 97-тармағының негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 111-1-тармақпен толықтырылсын:
      «111-1. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.»;
      131-тармақта «бағалары туралы» деген сөздердің алдынан «мемлекеттік емтихан» деген сөздермен толықтырылсын;
      147-тармақта:
      «беріледі» деген сөздің алдынан «ақысыз» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қосымшасымен» деген сөздің алдынан «дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде» деген сөзбен толықтырылсын;
      174-тармақта:
      «жоғарылату үшін» деген сөзден кейін «осы аралық аттестаттау кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 178-1-тармақпен толықтырылсын:
      «178-1. Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.»;
      181-тармақта «51, 52 және 56» деген сандар «173, 174, 178» деген сандармен ауыстырылсын;
      185-тармақта «және магистрлік диссертацияларды талқылау» деген сөздер «білім алушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      186187-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «186. Жоғары оқу орнының жетекшісі МАК төрағасына кандидатураларды 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:
      магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі;
      докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі.
      187. МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді:
      магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақ шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар);
      докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар.»;
      203-тармақта «ЖОО» деген сөздерден кейін «МАК төрағасының ұсынуы негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың бейініне сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы тағайындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 205-1-тармақпен толықтырылсын:
      «205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі.
      Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
      Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында 15 минуттық баяндамамен сөз сөйлейді.»;
      206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде, докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады.»;
      207208209210211-тармақтар алынып тасталсын;
      212-тармақта:
      алтыншы абзацта «бір» деген сөзден кейін «рецензенттің» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бағасы («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз»)» деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлігінде «сараптама комиссиясы» деген сөздер «/және бітіруші кафедрасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      213-тармақ алынып тасталсын;
      215-тармақта:
      «магистрлік диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық» деген сөздер «МАК» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «қосымшасымен бірге» деген сөздерден кейін «магистерлік диссертация қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде»;
      екінші бөлігінде «Диссертациялық кеңестің» деген сөздер «МАК» деген сөзбен ауыстырылсын;
      216-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «216. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК төрағасы магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және оны екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.»;
      217-тармақта:
      екінші бөлігінде «7» деген сан «11» деген санмен ауыстырылсын;
      «сараптама комиссиясының қорытындысына,» деген сөздер алынып тасталсын;
      218-тармақта «және магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің»  деген сөздер алынып тасталсын;
      221-тармақта «әрбір мамандығы бойынша» деген сөздер «мамандық бойынша немесе мамандықтар тобы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 221-1-тармақпен толықтырылсын:
      «221-1. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесте жүзеге асырылады»;
      226-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынған ғылыми басылымда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс;»;
      бесінші абзацты алынып тасталсын;
      алтыншы абзацта «оппоненттің» деген сөз «рецензенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      229-тармақ алынып тасталсын;
      230-тармақтағы «үштен кем емес» деген сөздер «үш-төрттен кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді.
      Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды:
      1) докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру және Комитетке қорытынды сараптама өткізу туралы қолдау көрсету;
      2) философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.»;
      232-тармақта «докторлық диссертацияны қорғау жөніндегі» деген сөздер «философия докторы немесе бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      233-тармақтың бесінші абзацты алынып тасталсын;
      235236237-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «235. Докторанттардың кешенді емтиханының нәтижелері бойынша МАК кеңестің төрағасы олардың нәтижелері туралы есеп жасайды және бір айлық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.
      236. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есеп кестелер мен түсіндірме жазбаны қамтиды.
      2 кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады.
      Түсіндірме жазбада:
      1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнында докторлар даярлаудың деңгейлері;
      2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;
      3) аталған мамандық бойынша докторларды даярлаудың сапасын талдау;
      4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер;
      5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болуы қажет.
      237. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есепті МАК төрағасы қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.»;
      238-тармақ алынып тасталсын;
      239-тармақта «қорытынды аттестация» деген сөздер «кешенді емтихан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 239-1-тармақпен толықтырылсын:
      «239-1. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымдағы жылғы қаңтарда білім беру саласындағы уәкілетті органға кесте мен түсіндірме жазба енгізілген докторлық диссертацияларды қорғаудың нәтижелері туралы есеп береді.
      3, 4 кестеде осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.
      Түсіндірме жазбада:
      1) докторлық диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің және өндірістің қазіргі жай-күйіне сәйкестігі;
      2) докторлық диссертациялардың орындалу сапасы.»;
      240-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «240. Докторанттардың докторлық диссертацияны қорғау нәтижелеріне докторлық диссертацияны қорғаған докторанттардың тізімі олардың аты-жөні, мамандығы, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып тіркеледі. Тізімге жоғары оқу орнының басшысы қол қояды.»;
      Осы Ереженің 9-қосымшасында 4) тармақшада «Сараптау кеңесінің қорытындысы» деген сөздер «Бітіруші кафедрасының шешімі» деген сөздермен ауыстырылсын, «ұсынылады» деген сөздің алдынан «кафедраның атауы көрсетіледі,» деген сөздермен толықтырылсын;
      Осы Ереженің 10-қосымшасындағы қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады