Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 02.09.2016 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс объектілері бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері, осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында лицензиялау субъектілері бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері осы, осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.04.27 № 165 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.02 № 138 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығы.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 60 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 82 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6075 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1829) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй- Экономикалық даму және
коммуналдық шаруашылық сауда министрі
істері агенттігінің төрағасы
С. Нокин _____________ Ж.Айтжанова __________
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 124 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 73 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.04.27 № 165 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.02 № 138 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығы.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс объектілері бойынша
тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс объектілері бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғым пайдаланылады:
тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.
2. Тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін айқындау
3. Тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік дәрежелерін ескере отырып, белгіленген объективті факторларды ескере отырып айқындалады.
Объективті критерийлер бойынша субъектілер мынадай тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесі бар бірінші топ – жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер;
2) орташа тәуекел дәрежесі бар екінші топ – жауапкершілігі екінші деңгейдегі объектілер;
3) болмашы тәуекел дәрежесі бар үшінші топ – жауапкершілігі үшінші деңгейдегі объектілер.
4. Белгіленген жауапкершілік деңгейлеріне байланысты жобалау процесінде объектілер жоғары, орташа не болмашы тәуекел дәрежесіне ауыстыруға жатпайды.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік деңгейлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесіне сәйкес белгіленеді.
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 124 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 73 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.04.27 № 165 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.02 № 138 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығы.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жеке
кәсіпкерлік саласында лицензиялау субъектілері бойынша
тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында лицензиялау субъектілері бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Лицензиялау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
бұзушылық – Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лицензиядан айыруға әкеп соқтырмайтын лицензиялық заңнаманы бұзушылық:
бақылау субъектілері – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар.
2. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін айқындау
3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлу:
1) тәжірибеге негізделген объективті Критерийлер бойынша;
2) тексеру нәтижесінде жиналған баллдарын есептеуден кейін жүзеге асырылады.
4. Объективті Критерийлер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру тәжірибесін ескере отырып айқындалады.
Объективті Критерийлер бойынша бақылау субъектілері мынадай тәуекел дәрежелеріне бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесі бар бірінші топ – лицензияны алғанына бір жылдан аспаған немесе бұзушылықтары жіберген лицензиаттар;
2) орташа тәуекел дәрежесі бар екінші топ – бір жылдан үш жылға дейін лицензиясы бар және бұзушылықтар жібермеген лицензиаттар;
3) төмен тәуекел дәрежесі бар үшінші топ – лицензияны алғанына қоса алғанда үш жылдан асқан және бұзушылықтар жібермеген лицензиаттар.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 қаулысымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын бұзғаны үшін баллдар қосылады. Баллдар осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес есептеледі.
6. Тексеру нәтижесінде 50 және одан да көп балл жинаған бірінші топтың лицензиаттары бірінші тәуекел тобында қалады.
Тексеру нәтижесінде 50-ден кем балл жинаған бірінші топтың лицензиаттары екінші тәуекел тобына ауыстырылады.
Тексеру нәтижесінде 50 және одан да көп балл жинаған екінші және үшінші топтардың лицензиаттары бірінші тәуекел тобына ауыстырылады.
Тексеру нәтижесінде 50-ден кем балл жинаған екінші топтың лицензиаттары үшінші тәуекел тобына ауыстырылады.
Тексеру нәтижесінде 50-ден кем балл жинаған үшінші топтың лицензиаттары үшінші тәуекел тобында қалады.
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
жеке кәсіпкерлік саласында
лицензиялау субъектілері
бойынша тәуекелдер дәрежелерін
бағалау критерийлеріне
қосымша
Тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері
р/с |
Бақылау кезеңінде қойылатын талаптар |
Талаптарға сәйкес болмау баллдармен бағаланады |
1 |
2 |
3 |
1. |
Іздестіру қызметімен айналысу үшін қойылатын талаптары мыналарды қамтиды: |
|
1.1 |
жеке тұлға үшін – іздестіру қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің) болуы |
20 |
1.2 |
заңды тұлға үшін – штатында іздестіру қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы |
20 |
1.3 |
мыналармен: |
|
1.3.1 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
10 |
1.3.2 |
инженерлік-геологиялық және/немесе инженерлік-гидрогеологиялық іздестірулер үшін аккредиттелген топырақтану (химиялық) зертханасымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы |
5 |
1.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында: |
20 |
1.4.1 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдарымен, аспаптарымен, тетіктерімен және құрылғыларымен |
10 |
1.4.2 |
инженерлік-геодезикалық жұмыстарды жүзеге асырған кезде есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
10 |
1.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
10 |
1.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
10 |
2. |
Жобалау қызметімен айналысатын ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
|
2.1 |
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
2.2 |
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
2.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
10 |
2.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
10 |
2.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
10 |
2.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
10 |
3. |
Жобалау қызметімен айналысатын ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
|
3.1 |
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде сегіз жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
3.2 |
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
3.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
10 |
3.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
10 |
3.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
10 |
3.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
10 |
4. |
Жобалау қызметімен айналысатын І санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
|
4.1 |
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
4.2 |
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
4.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
10 |
4.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
10 |
4.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
10 |
4.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
10 |
4.7 |
лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы |
20 |
5. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
|
5.1 |
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде екі жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
5.2 |
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде екі жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
5.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
10 |
5.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
10 |
5.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
10 |
5.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
10 |
6. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
|
6.1 |
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде сегіз жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
6.2 |
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
6.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
10 |
6.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
10 |
6.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
10 |
6.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
10 |
7. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын І санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
|
7.1 |
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
7.2 |
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
20 |
7.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы. Егер бұл жұмыс жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге ғимараттары немесе үй-жайлар біріктірілуі мүмкін |
10 |
7.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
10 |
7.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
10 |
7.6 |

7.7 |
лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы |
10 |