Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 201 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 маусымда № 7019 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 30.09.2024 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 наурыздағы Заңының 6-бабы 2-тармағының екінші бөлімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Ғылым комитеті (Б.А. Қасымбеков):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов


  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 201 бұйрығымен бекітілген

Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі

      1. Осы ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізу үшін жабдықтарға және қол жеткізу шартын анықтайды.

      2. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар (бұдан әрі – Зертхана) өз қызметтерін "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7013 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

      3. Зертхана қызметкерлері жабдықтардың сақталуын, олардың жұмысқа жарамдылығын сақтауды, сондай-ақ тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі салаларындағы талаптарды, құрал-жабдықтарды және талдамалық, ғылыми-зерттеу жабдықтарын өндірушілердің ұсынымдарын орындайды.

      4. Зертхана құрылымында зертхана орналасқан ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, жас ғалымдарына және қызметкерлеріне құралдарды пайдалануға және (бекітілген ғылыми бағыттар шеңберінде) зерттеулерді орындауға қолжетімдікті қамтамасыз етеді.

      Басқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қол жеткізуі шарт негізінде жүзеге асырылады.

      5. Зертхана меңгерушісінің жазбаша келісімімен сабақ жетекшісінің және жабдыққа жауапты инженердің қатысуымен техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау берілгеннен кейін ғылыми жабдықтарды пайдалануға рұқсат етіледі.

      6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) ҒЗТКЖ қызметтерін жүргізуге өтінімді осы Ережеге 1-қосымшадағы нысанға сәйкес береді.

      7. ҒЗТКЖ қызметтерін жүргізудің міндеттеріне сәйкес өтінім ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларға зерттеуді анықтауға және орындау үшін беріледі.

      8. Зертхана меңгерушісі тапсырыс берілген жұмыстардың орындалу мүмкіндігі мен олардың санын келісу үшін өтінімге талдау жасайды, осының негізінде орындалар жұмыстың нәтижелерін беру күнін анықтайды. Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушімен кеңеседі. Егер тапсырысты орындау мүмкін болмаған жағдайда Зертхана меңгерушісі өтінім келіп түскен сәттен бастап жазбаша түрде бас тартудың себебін жазып, түсініктеме береді.

      9. Келісілген жағдайда Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында ҒЗТКЖ қызметтерін көрсетуге арналған шарт осы Ережеге 2-қосымшадағы нысанға сәйкес жасалады.

      10. Зертхана жүргізілетін ҒЗТКЖ құпиялылығын, тапсырыс берушінің зияткерлік меншік құқығының сақталуын қамтамасыз етеді.

      11. Тапсырыс беруші талдамалық және зерттеу жұмыстарының кейбір түрлерін орындау кезінде қатыса және ғылыми жабдық инженеріне зерттеу саласы, зерттеу әдістері жөнінде ұсыныстар жасайды.

      12. Тапсырыстардың орындалуына Зертхана меңгерушісі бақылау жасай алады.

      Жұмыс аяқталғаннан кейін меңгеруші орындаушы (лар) мен бірге есепті осы Ережеге 3-қосымшадағы нысанға сәйкес және орындалған жұмыс нәтижесі бойынша ҒЗТКЖ қызметтерін көрсету хаттамасы түріндегі қорытынды есепті осы Ережеге 4-қосымшадағы нысанға сәйкес үш күн ішінде дайындап, тапсырыс берушіге ұсынады.

      13. Орындалған жұмыс екі жақтың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған орындалған жұмыс актісі арқылы осы Ережеге 5-қосымшадағы нысанға сәйкес беріледі. Тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде қабылдау-табыстау актісіне қол қояды немесе қабылдаудан бас тартатыны туралы дәйекті түсініктеме береді. Егер белгіленген мерзімде (үш күн ішінде) қабылдаудан бас тартатыны туралы дәйекті түсініктеме түспесе, жұмыс толық көлемде орындалды деп есептеледі.

      14. Тапсырыс беруші ҒЗТКЖ бойынша көрсетілетін қызмет нәтижелеріне қанағаттанбаса, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша арыз түрінде өз наразылығын білдіре алады.

      15. Тапсырыс берушіге төлем төлеу-келісім негізінде қолма-қол есептесу немесе ақша қаражатын кассаға төлеп, ақшасыз есеп айырысу арқылы немесе Орындаушының есеп шотына аудару арқылы жүзеге асады.

  Ұжымдық пайдаланудағы
ғылыми зертханалар көрсететін
қызметтерді ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерінің пайдалану
ережесіне № 1 қосымша

      Нысан

      ________________________________ ға

      ________________________________ дан

      (субъектінің толық атауы)

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
бойынша қызмет көрсетуге арналған
Өтінім

      ______________________________________________________________

      зертхананың атауы

      _______________________________________________________________

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне

      келесі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық

      жұмыстарды (ҒЗТКЖ) орындау үшін

      __________________________________________________________

      жұмыстың атауы

      20__ж. "____" "_____________"

      Заңды тұлға/жеке тұлға басшысы

      _____________________________________________________________

      (Қолы) (Т.А.Ә.)

  Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми
зертханалар көрсететін
қызметтерді ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерінің пайдалану
ережесіне № 2 қосымша

      Нысан

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
бойынша қызмет көрсетуге арналған
ҮЛГІЛІК ШАРТ

      20__ ж "_____" ___________ № ____

      Астана қ.

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын

      ______________________________ атынан _______________________, бір

      жағынан және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын

      __________________________________ атынан _______________, екінші

      жағынан, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өз мойнына алады:

      Бағыты:

      Тақырыбы:

2. БІЛІКТІЛІК БЕЛГІСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ӨНІМНІҢ
СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

      2.1. Жұмыстардың бағыты:

      2.2. Қолдану саласы:

      2.3. Соңғы нәтиже:

      2.4. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалығы):

3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТАЛАПТАРЫ

      3.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер ескеріліп, қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық шығындар құнын қоса есептегенде, ____________ (сөзбен) теңгені құрайды.

      3.2. Орындаушының қызметтерін Тапсырыс беруші төмендегідей ретпен төлейді:

      Тапсырыс беруші өтінім берілген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде шарт сомасының 30%-ы көлемінде алдын ала төлем жасайды.

      Бұдан әрі Тапсырыс берушінің төлем жасауы Орындаушы орындалған жұмыстар (қызметтер) актісін ұсынып, Тараптар аталған актілерге қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.

      3.3. Осы тармақтың талаптары құрамында Зертханалары бар ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, жас ғылымдары мен қызметкерлеріне таратылмайды.

4. ЖҰМЫСТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАП АЛУ ТӘРТІБІ

      4.1. Орындаушы шарттың орындалуының жекелеген кезеңдерінде және аяқталған соң ресімдеуге және тапсыруға тиісті ғылыми, техникалық және басқа да құжаттамалардың тізбесі Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттарында анықталған.

      4.2. Шарттың жекелеген кезеңдері бойынша белгіленген тәртіпте ресімделген құжаттаманы тапсыру Орындаушының аннотацияланған есебімен жүзеге асырылады.

      4.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – жұмыстар) туралы есепті ұсынады.

      4.4. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс беруші жұмысты мерзімінен бұрын қабылдап, төлеуге құқылы.

      4.5. Егер жұмыстарды орындау процесінде теріс нәтиже алуға мәжбүр болатындығы немесе жұмысты әрі қарай жүргізудің мақсатқа сай еместігі анықталса, Орындаушы оны тоқтатып, жұмыс тоқтатылған күннен кейін 5 күн ішінде Тапсырыс берушіні хабардар етуге міндетті.

      Мұндай жағдайда тараптар жұмысты жалғастырудың мақсатқа сәйкестігі және бағыттары туралы мәселені қарастырады.

5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      5.1. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптарға қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарда және тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

      5.2. Жұмыстар көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда Орындаушы әрбір мерзімі өткен жұмыс күні үшін осы шарттың 3.3-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда шарттың жалпы сомасының 0,03%-ы көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      5.3. Орындаушы бағдарламаның жекелеген жобалары бойынша жұмыстарды тиісті түрде орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші жобаларды олардың орындалуының кез келген кезеңінде қаржыландыруды тоқтатуға құқылы.

1. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

      Орындаушы: Тапсырыс беруші:

      ___________________ _________________________

      Орындаушының атынан: Тапсырыс берушінің атынан

      ___________________ _________________________

      (қолы) (қолы)

      М.О. М.О.

  Ұжымдық пайдаланудағы
ғылыми зертханалар көрсететін
қызметтерді ғылыми және
(немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерінің пайдалану
ережесіне № 3 қосымша

      Нысан

Ұйымның атауы

      Зертхананың атауы

      "Бекітемін"

      Ғылым жөніндегі проректор

      ____________ Т.А.Ә.

      20___ ж. "___" ____________

ЕСЕП

      _____________________________________________

      _____________________________________орындалған жұмыс бойынша

      (20___ ж. "__" №____ орындалған жұмыстың актісіне қосымша)

      Үлгі: ___________________________

      Тапсырыс беруші: _______________________________

      Шарт № __________________________

      Зертхана меңгерушісі _______________/Т.А.Ә./

      Инженер-зерттеуші _______________/____________/

      Зерттеулер жүргізілді ________________

      Қаланың атауы

      20___ жыл

  Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми
зертханалар көрсететін қызметтерді
ғылыми және (немесе) ғылыми
техникалық қызмет субъектілерінің
пайдалану ережесіне № 4 қосымша

      Нысан

Ұйымның атауы

      Зертхананың атауы

      "Бекітемін"

      Ғылым жөніндегі проректор

      ____________ Т.А.Ә.

      20___ ж. "___" ____________

      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша

      қызмет көрсету хаттамасы

      _____________________________________________

      _____________________________________________ үшін

      (20___ ж. " " орындалған жұмыстың актісіне қосымша)

      Үлгі: ___________________________

      Тапсырыс беруші: _______________________________

      Келісім № __________________________

      Зертхана меңгерушісі _______________/Т.А.Ә./

      Инженер-зерттеуші _______________/____________/

      Зерттеулер жүргізілді ________________

      Қаланың атауы

      20___ жыл

  Ұжымдық пайдаланудағы
ғылыми зертханалар көрсететін
қызметтерді ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерінің пайдалану
ережесіне № 5 қосымша

      Нысан

      Орындаушының атауы: Тапсырыс берушінің атауы:___________________________ ____________________________

      Мекенжай: _________________ Мекенжай:___________________

      ЖСК________________________ ЖСК:________________________

      ___________________________ ____________________________

      БСК________________________ БСК_________________________

      КБЕ________________________ КБЕ_________________________

      СТН________________________ СТН_________________________

      БСН/ЖСН____________________ БСН/ЖСН_____________________

Орындалған жұмыстар АКТІСІ

      _________________ж. ______ шарт бойынша

      (20__ж. ____)

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      "___" _______________ ж.

      Біз, төменде қол қоюшылар, _________________атынан Орындаушы

      ________________________, бір жағынан және Тапсырыс беруші

      ______________________________, екінші жағынан,

      ғылыми-техникалық өнімнің шарт талаптарын қанағаттандыратыны және

      тиісті тәртіпте ресімделгені туралы акт жасадық.

Орындалған жұмыстардың түрлері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Келісім-шарт бойынша шарттық баға ____________құрайды (сөзбен)

      Орындаушыға аударылған алдын ала төлем сомасы:

      __________(сөзбен) теңге.

      Орындалған жұмыстар бойынша бұрын актіленген сома:

      ______________(сөзбен) теңге.

      Орындаушының көрсетілген жұмыстар түрін орындауы үшін жұмсалған

      нақты шығыстардың сомасы: ______________(сөзбен) теңге.

      Орындаушының аударуы қажет сомасы: _____________(сөзбен)теңге.

      ОРЫНДАУШЫДАН жұмысты тапсырды ТАПСЫРЫС БЕРУШІДЕН жұмысты қабылдады

      _____________________________ _________________________________

      _____________________________ _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады