"Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 30 мамырдағы № 224 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7050 тіркелді. Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 (1477) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңдарына сәйкес әзірленді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ереже азаматтарды жоғары оқу орындарының магистратурасына, адъюнктурасына және докторантурасына, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдаудың тәртібін айқындайды.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жоғары оқу орындарының магистранттарының, адъюнкттарының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың резидентурасының тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандарды даярлаудан басқа) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаттары және басқа да көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады. Докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқа шетелдік азаматтар жоғары оқу орындарына, денсаулық саласындағы ғылыми ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының магистратура, адъюнктура және докторантурасына азаматтарды қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті органымен келісілген жеке нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жоғары оқу орындарының магистратурасына, адъюнктурасына және докторантурасына, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдауды дайындау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау базалық жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.
      Магистрлер мен философия докторларын (РҺD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты даярлау - мүдделі тараптардың шарт жасауы негізінде жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың шаралары мен іс-қимылдарының жүйесі.»;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жоғары оқу орындарының магистратурасына, адъюнктурасына және докторантурасына, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 1-30 шілде аралығында өткізіледі.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Магистратура, адъюнктураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына жоғары білім беру пәндері бойынша үлгі бағдарламалардың негізінде қалыптастырады.
      Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларының негізінде қалыптастырады.»;
      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Магистратураға, адъюнктураға жоғары оқу орындарына, резидентураға - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарына түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:»;
      11-тармақта 2) тармақша алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Докторантураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындарына келесі құжаттарды тапсырады:
      1) ұйым басшысының атына өтініш;
      2) зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде автореферат нысанындағы негіздеме;
      3) жеке куәлігінің көшірмесі;
      4) білімі туралы нотариальды куәландырылған құжаттар, осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі;
      5) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
      6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;
      7) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке қағазы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
      8) басқа оқу орындарында, аспирантурада оқығандығын куәландыратын құжаттар көшірмесі;
      9) құжаттар тізімдемесі.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Магистратураға, адъюнктураға және докторантураға жоғары оқу орнында, резидентураға жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда түсу емтиханын өткізу мерзімінде қабылдау және мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының немесе денсаулық саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.»;
      18-тармақтың бірінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы берілген өңірдегі жоғары оқу орындары мен денсаулық саласындағы ғылыми ұйымдардың мамандықтарға сәйкес жоғары білікті ғалымдардың санынан құралады.
      Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы жоғары оқу орындары немесе денсаулық саласындағы ғылыми ұйымдары басшысының бұйрығымен бекітіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «24-1. Магистрлер мен философия докторларын (РҺD)/бейіні бойынша докторларды даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты орындарға азаматтарды қабылдау конкурс негізінде нақты бір тапсырыс берушінің мақсатты орнынан үміткер адамдар арасында жеке өткізіледі.
      24-2. Мақсатты даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен әрбір магистрантпен/докторантпен «базалық жоғары оқу орны - жоо/ғылыми ұйым - магистрант/докторант» үлгісінде үш жақты шарт жасалады.».
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б.Жұмағұлов

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы
      _________________ С. Мусинов
      2011 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады