Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрнің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 284-Ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 232 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 тамызда № 7116 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 541 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 496 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2015 № 541 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.07.2015 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (Бисақаев С.Ғ.) осы бірлескен бұйрық талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік   Экономикалық даму және
      қорғау министрінің м.а          сауда министрінің м.а
      _____________ Т. Дүйсенов      _________ Т. Сүлейменов

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің м.а. 
2011 жылғы 5 тамыздағы  
№ 284-ө және       
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің м.а.  
2011 жылғы 5 тамыздағы  
№ 232 бірлескен бұйрығымен
бекітілген         

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарын орындау үшін тексерулерді жоспарлау және жүргізу мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және қажеттілікті айқындайтын, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығаратын жеке және заңды тұлғаларды тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімнің орындалмауынан, арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімінің бұзылуынан жеке тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылу ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және оған қажеттілікті айқындайтын жеке кәсіпкерлік саласындағы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
      3. Осы Өлшемдердің шеңберінде қызмет алушыларға қарттар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған және (немесе) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар жатады.
      4. Жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежелеріне стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсынбау бойынша жатқызу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімдерінің бұзылуы осы Өлшемдерге 12-қосымшаларда көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне немесе мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Бастапқыда барлық бақылау субъектілері жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылады. Кейіннен тексерулердің нәтижесі бойынша өлшемдер бойынша алған балдарын ескере отырып, тексеруден өткен бақылау субъектілері тиісті тәуекел дәрежелері топтарына бөлінеді:
      1) тексеру жиілігі жылына бір рет болатын жоғары дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 11-ден 25-ке дейін балл алған бақылау субъектілері жатады;
      2) тексеру жиілігі үш жылда бір рет болатын орта дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 6-дан 10-ға дейін балл алған бақылау субъектілері жатады;
      3) тексеру жиілігі бес жылда бір рет болатын шамалы дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 5-ке дейін балл алған бақылау субъектілері жатады.
      6. Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімді орындайтын, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын тексерілетін субъектілерге осы Өлшемдерге 12-қосымшаларда көрсетілген өлшемдерге сәйкес балл есептелмейді.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
саласындағы және мүгедектерді   
әлеуметтік қорғау аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тәуекел   
дәрежесін бағалау өлшемдеріне   
1-қосымша               

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

р/с №

Тәуекелді бағалау өлшемдерінің атауы

Тәуекел дәрежесін айқындаудың шекті көрсеткіштері

1. Стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу жөнінде

1.1.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы

Белгіленген мерзімге сәйкес жүргізбеу – 5 балл

1.2.

Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы

Жұмыс жоспарының болмауы – 5 балл

1.3.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру

Уақытылы жәрдемдеспеу – 5 балл

1.4.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл

1.5.

Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу

Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл

2. Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу жөнінде

2.1.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы

Белгіленген мерзімге сәйкес жүргізбеу – 5 балл

2.2.

Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы

Жұмыс жоспарының болмауы – 5 балл

2.3.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру

Уақытылы жәрдемдеспеу – 5 балл

2.4.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл

2.5.

Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу

Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл

2.6.

Мамандық алуға жәрдемдесу

Қызметтің көрсетілмеуі – 5 балл

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
саласындағы және мүгедектерді   
әлеуметтік қорғау аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тәуекел   
дәрежесін бағалау өлшемдеріне   
2-қосымша               

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

р/с №

Тәуекелді бағалау өлшемдерінің атауы

Тәуекел дәрежесін айқындаудың шекті көрсеткіштері

1.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл

2.

Оңалту шараларының мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес орындалуы

Ішінара орындалды – 5 балл
Орындалмауы – 10 балл

3.

Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу

Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов

Совместный приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 284-Ө и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 232. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 августа 2011 года № 7116. Утратил силу совместным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 541 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 июля 2015 года № 496

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 30.06.2015 № 541 и Министра национальной экономики РК от 02.07.2015 № 496 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», подпунктом 6) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года «О специальных социальных услугах», пунктом 4 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов.
      2. Департаменту социальной помощи Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (Манабаева К.А.) обеспечить в установленном законодательством порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование в средствах массовой информации настоящего совместного приказа после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) опубликование на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      3. Комитету по контролю и социальной защите Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (Бисакаев С.Г.), организовать изучение и выполнение требований настоящего совместного приказа.
      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на Вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Ахметова С.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра труда и              И.о. Министра экономического
      социальной защиты населения        развития и торговли
      Республики Казахстан               Республики Казахстан
      ________________ Т. Дуйсенова      ___________ Т. Сулейменов

Утверждены         
совместным приказом    
и.о. Министра труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
от « 5 » августа 2011 года № 284-Ө
и и.о. Министра экономического развития
и торговли         
Республики Казахстан   
от « 5 » августа 2011 года № 232

Критерии оценки степени рисков в сфере частного
предпринимательства в сфере предоставления специальных
социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов

      1. Настоящие Критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов (далее – Критерии) разработаны во исполнение Законов Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», от 29 декабря 2008 года «О специальных социальных услугах» и от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» для отнесения юридических и физических лиц, предоставляющих в сфере частного предпринимательства специальные социальные услуги и в области социальной защиты инвалидов и (или) проводящих оценку и определение потребности в специальных социальных услугах и в области социальной защиты инвалидов, к группам риска с целью планирования и проведения проверок.
      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:
      1) риск – вероятность причинения субъектами в сфере частного предпринимательства вреда жизни или здоровью человека, нарушения законных интересов физических лиц при невыполнении решения о предоставлении гарантированного объема специальных социальных услуг, нарушении установленных сроков проведения оценки и определения потребности в предоставлении специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов с учетом степени тяжести его последствий;
      2) проверяемые субъекты – физические лица, юридические лица, в том числе филиалы и представительства юридических лиц в сфере частного предпринимательства, предоставляющие специальные социальные услуги и (или) проводящие оценку и определение потребности в специальных социальных услугах и в области социальной защиты инвалидов.
      3. В рамках настоящих Критериев к получателям услуг относятся престарелые и инвалиды, в том числе дети-инвалиды с нарушением опорно-двигательного аппарата и (или) с психоневрологическими патологиями.
      4. Отнесение к степеням риска в сфере частного предпринимательства по предоставлению гарантированного объема специальных социальных услуг в условиях стационара, полустационара и оказания услуг на дому, проведению оценки и определения потребности в предоставлении специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов осуществляется в соответствии с критериями оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг или с критериями оценки степени рисков в области социальной защиты инвалидов, указанными в приложениях 12 к настоящим Критериям.
      5. Первично все проверяемые субъекты относятся к высокой степени риска. В дальнейшем по результатам проверки с учетом набранных баллов по критериям проверяемые субъекты, прошедшие проверку, перераспределяются в соответствующие группы степени риска:
      1) к группе высокой степени риска с частотой проверок один раз в год относятся проверяемые субъекты, набравшие по результатам проверок от 11 до 25 баллов включительно;
      2) к группе средней степени риска с частотой проверок один раз в три года относятся проверяемые субъекты, набравшие по результатам проверок от 6 до 10 баллов включительно;
      3) к группе незначительной степени риска с частотой проверок один раз в пять лет относятся проверяемые субъекты, набравшие по результатам проверок от 0 до 5 баллов включительно.
      6. Проверяемым субъектам, выполняющим решение о предоставлении гарантированного объема специальных социальных услуг, не нарушающим установленных сроков проведения оценки и определения потребности в предоставлении специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов, в соответствии с критериями, указанными в приложениях 1, 2 к настоящим Критериям баллы не начисляются.

Приложение 1           
к критериям оценки степени   
рисков в сфере частного       
предпринимательства в сфере      
предоставления специальных социальных услуг и в
области социальной защиты инвалидов 

           Критерии оценки степени рисков в сфере частного
       предпринимательства в сфере предоставления специальных
                          социальных услуг

№ п/п

Перечень требований

Предельные показатели для
определения степени риска

1. По предоставлению гарантированного объема специальных социальных услуг в условиях
стационара и полустационара, проведению оценки и определения потребности в
предоставлении специальных социальных услуг

1.1.

Своевременность проведения оценки и
определение потребности в предоставлении
специальных социальных услуг

Не проведение в соответствии с
установленными сроками – 5 баллов

1.2.

Наличие индивидуального плана работы на
каждого получателя специальных социальных
услуг

Отсутствие плана работы – 5
баллов

1.3.

Осуществление содействия в проведении
медико-социальной экспертизы

Несвоевременность содействия – 5
баллов

1.4.

Наличие индивидуальной программы
реабилитации инвалида

Отсутствие индивидуальной
программы реабилитации – 5 баллов

1.5.

Содействие в получении установленных
законодательством льгот и преимуществ,
социальных выплат

Несвоевременность обращения и ее
получения – 5 баллов

2. По предоставлению гарантированного объема специальных социальных услуг в условиях
оказания услуг на дому, проведению оценки и определения потребности в предоставлении
специальных социальных услуг

2.1.

Своевременность проведения оценки и
определения потребности в предоставлении
специальных социальных услуг

Не проведение в соответствии с
установленными сроками – 5
баллов

2.2.

Наличие индивидуального плана работы на
каждого получателя специальных социальных
услуг

Отсутствие плана работы – 5
баллов

2.3.

Осуществление содействия в проведении
медико-социальной экспертизы

Несвоевременность содействия – 5
баллов

2.4.

Наличие индивидуальной программы реабилитации
инвалида

Отсутствие индивидуальной
программы реабилитации – 5
баллов

2.5.

Содействие в получении установленных
законодательством льгот и преимуществ,
социальных выплат

Несвоевременность обращения и
получения – 5 баллов

2.6.

Содействие в получении профессии

Не предоставление услуги – 5
баллов

Приложение 2      
к критериям оценки степени
рисков в сфере частного 
предпринимательства в сфере
предоставления специальных
социальных услуг и в области
социальной защиты инвалидов

     Критерии оценки степени рисков в области социальной защиты
                                инвалидов


п/п

Перечень требований

Предельные показатели для определения
степени риска

1.

Наличие индивидуальной программы
реабилитации инвалидов

Отсутствие индивидуальной программы
реабилитации – 5 баллов

2.

Выполнение реабилитационных
мероприятий согласно индивидуальной
программе реабилитации

Выполнено частично – 5 баллов
Невыполнение – 10 баллов

3.

Содействие в получении установленных
законодательством льгот и
преимуществ, социальных выплат

Несвоевременность обращения и
получения – 5 баллов