Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1021 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 807 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бақылау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы тексеру парағының нысаны;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бақылау саласында мүгедектерді әлеуметтiк қорғау аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 284-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 232 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7116 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 319 (26710) жарияланған);
2) «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 285-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 233 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7111 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 319 (26710) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрі
әлеуметтік даму министрі
__________ Т. Дүйсенова ___________ Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнiндегi
комитетiнің төрағасы
___________ С. Айтпаева
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 541
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі № 496
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және
мүгедектерді әлеуметтiк қорғау аясындағы тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлерi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерi (бұдан әрі – Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11082 болып тіркелген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау кезеңі – автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің және басқа да ақпарат көздерінің есептілік мониторингісі нәтижелерінің негізінде объективті және субъективті критерийлер бойынша тәуекелдерге бағалау жүргізілетін белгілі бір уақыт кезеңі. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтiк қорғау аясындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Критерийлерде пайдаланылатын бағалау кезеңі – жартыжылда 1 рет;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау аясындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, мүгедектердің, зейнеткерлердің және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың заңды мүдделеріне зиян келтірілу ықтималдығы;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – қызметін жүзеге асыру кезінде және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей бағынысты емес, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау аясындағы әлеуетті тәуекелі бар субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын критерийлер;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметінің нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
5) тексерілетін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау аясындағы жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
2. Объективті критерийлер
3. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу мынадай объективті критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру процесіндегі және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы зиянның ықтимал жағымсыз салдары ауырлығының ауқымы;
2) адамның денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималы, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері.
4. Жоғары тәуекел дәрежесіне:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметін жүзеге асыратын барлық тексерілетін субъектілер;
2) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мүгедектерді оңалту іс-шараларын орындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын, мүгедектердің денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін мүгедектерді әлеуметтiк қорғау аясындағы барлық тексерілетін субъектілер жатады.
5. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау аясындағы сауда, тұрмыстық, өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, коммуналдық, дене шынықтыру және спорт, қоғамдық тамақтануға, демалыс (ойын-сауық және мәдениет инфрақұрылымы) объектілеріне мүгедектердің қолжетімділігін жүзеге асырушы тексерілетін субъектілер жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды.
3. Субъективті критерийлер
6. Іріктеп тексеру жүргізу үшін жоғары тәуекел дәрежесіне жататын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) бөлу және іріктеу субъективті критерийлер арқылы жүзеге асырады.
7. Тәуекел дәрежесінің субъективті критерийлерін анықтау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) тексерілетін субъектілер ұсынатын, соның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер мен салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін есептілік пен мәліметтердің мониторингінің нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулердің нәтижелері және бақылаудың басқа да нысандарының нәтижелері;
3) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау;
4) уәкілетті органдар мен сұрату бойынша ұйымдарға ұсынылатын мәліметтерді талдау, есептік деректердің нәтижелері.
8. Субъективті критерийлер маңыздылық дәрежесіне қарай үш топқа бөлінеді: өрескел, едәуір, болмашы. Субъективті критерийлерді бұзушылықтардың және ақпарат көздерінің маңыздылық дәрежесіне қарай бөле отырып, осы Критерийлерге қосымшада келтірілген.
9. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу кезінде бүкіл көздерден тұратын тиісті критерийлер бойынша тексерілетін субъектілерді бағалау: алдыңғы тексерулердің нәтижелері, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, интернет-ресурстары бойынша жүргізіледі. Бағалау арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуды, мүгедектерді оңалту іс-шараларын орындауды, қолжетімділікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жүзеге асырылады.
10. Тәуекелдің өрескел дәрежесінің бір немесе бірнеше орындалмаған талаптары 100 көрсеткішке теңестіріледі және тексерілетін субъектіні іріктеп тексеру үшін таңдап алуға негіз болып табылады. Орташа және болмашы талаптар бойынша іріктелген тексеруге тексерілетін субъектіні (объектіні) одан әрі бағалау жүргізілмейді.
11. Өрескел дәреженің орындалмаған талаптары болмаған жағдайда бұзушылықтардың едәуір және болмашы дәрежесінің жиынтық көрсеткіші айқындалады.
Едәуір дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7 формуласы бойынша есептеледі, мұндағы:
Рз – едәуір дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
Р1 – ақпараттың барлық көздері бойынша тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге ұсынылған едәуір дәреже талаптарының жалпы саны;
Р2 – едәуір дәреженің бұзылған талаптарының саны.
12. Болмашы дәреже көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұндағы:
Рн – болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге ұсынылған болмашы дәреже талаптарының жалпы саны;
Р2 – болмашы дәреженің бұзылған талаптарының саны.
13. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0-ден бастап 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша көрсеткіштерді қосу жолымен айқындалады:
Р = Рз + Рн
мұндағы:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз – едәуір дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
Рн – болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша тексерілетін субъект (объект):
1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан бастап 100-ге дейінгі дәреже көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды – 1-ден бастап 60-ға дейінгі дәреже көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.
15. Талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективтік критерийлерінің деректері қолданылмайды.
16. Іріктеп тексеру жүргізу үшін бағалау нәтижелерінің негізінде субъектілердің (объектілердің) тізімі қалыптастырылады.
17. Іріктеп тексеру жүргізу субъектілерінің (объектілерінің) тізімі:
1) тәуекел дәреженің ең көп көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілерінің) басымдылығы;
2) тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамдарының жүктемесі ескеріле отырып жасалады.
18. Іріктеп тексеру жүргізу үшін бұдан кейінгі тізімдер ағымдағы кесте бойынша іріктеп тексерумен толық қамтылғаннан кейін жасалады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету саласындағы және
мүгедектерді әлеуметтік қорғау
аясындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және
мүгедектердi әлеуметтiк қорғау аясындағы субъективті
критерийлер
Р/с |
Индикаторлардың атауы |
Бұзушылық дәрежесі |
1. Алдыңғы тексерулердің нәтижелері бойынша (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді) |
||
1.1 Барлық тексерілетін субъектілер (объектілер) үшін жалпы критерийлер |
||
1 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағалауды жүргізу мерзімдерін сақтау және қажеттілігін айқындау (өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде) |
едәуір |
2 |
Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығару мерзімдерін сақтау (арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде) |
едәуір |
1.2 Стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілер/ұйымдар үшін критерийлер |
||
1 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағалауды жүргізу мерзімдерін сақтау және қажеттілігін айқындау және ұйым мамандардың бақылауы: стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде; жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға/үйде қызмет көрсету ұйымына түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде; уақытша болу ұйымына түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде |
өрескел |
2 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді әрбір алушыға арналған, олардың қажеттіліктері мен уақтылы бекітілуі ескерілген жеке жұмыс жоспарының/шартының болуы |
өрескел |
3 |
Көрсетілетін қызметті алушылардың нақты құрамының Е-собес ААЖ есептілік деректерімен сәйкес келуі |
өрескел |
4 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттілігін ескерместен жеке жұмыс жоспарын/шартын және электрондық картотеканы толық толтыру |
едәуір |
5 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді негізді түрде тоқтата тұру және/немесе тоқтату |
едәуір |
6 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарымен белгіленген ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтеріне қызметкерлер санының сәйкес келуі |
едәуір |
1.3 Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер/ұйымдар үшін критерийлер |
||
1 |
Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
өрескел |
2. тұрмыста өз-өзіне қызмет көрсету, санитарлық-гигиеналық рәсімдер үшін жағдай жасау; |
өрескел |
|
3. тұру үшін тұрғын үй алаңын, үй-жай ұсыну; |
едәуір |
|
4. жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы, тұрмыстық қызмет көрсетудегі әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету; |
едәуір |
|
5. көлік, шаштараз, жерлеу қызметтерін ұсыну; |
едәуір |
|
6. көзделген жұмсақ инвентарьды ұсыну |
едәуір |
|
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
өрескел |
2. дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету; |
едәуір |
|
3. паллиативтік, психиатриялық және психотерапевтік көмек қызметтерін көрсету; |
өрескел |
|
4. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға, протездік-ортопедиялық және есту протездік жәрдем көрсету; |
едәуір |
|
5. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық ем алумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету |
едәуір |
|
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. психологиялық көмек көрсету, психологиялық тренингтер өткізу; |
едәуір |
|
3. әлеуметтік-психологиялық патронаж, психопрофилактикалық жұмыс жүргізу |
едәуір |
|
4 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. балалардың білім алуына жәрдем көрсету; |
едәуір |
|
3. тұрмыстық бағдар беру, өз-өзіне қызмет көрсету, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру негіздеріне, тіл табысу дағдыларына және басқа да тыныс-тіршілік түрлеріне үйретуді жүзеге асыру; |
едәуір |
|
4. есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін меңгерулеріне жәрдем көрсету, сондай-ақ ымдау тіліне аудару бойынша қызметтер көрсету |
едәуір |
|
5 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін ұсыну шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. жоғалтқан тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; |
едәуір |
|
3. еңбек дағдыларын тексеру жөніндегі іс-шараларды жүргізу |
болмашы |
|
6 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және оларды жүргізу; |
едәуір |
|
3. көрсетілетін қызметті алушыларды бос уақыттағы демалыс іс-шараларына тарту |
болмашы |
|
7 |
Тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдем көрсету бойынша әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету шарттарын сақтау |
едәуір |
8 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. мүдделер құқығын қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету |
едәуір |
|
1.4 Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер/ұйымдар үшін критерийлер |
||
1 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. тұру үшін тұрғын үй алаңын, үй-жай ұсыну; |
едәуір |
|
3. жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы, тұрмыстық қызмет көрсетудегі әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету; |
едәуір |
|
4. көлік қызметтерін ұсыну; |
едәуір |
|
5. көзделген жұмсақ инвентарьды ұсыну |
едәуір |
|
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
өрескел |
2. дәрігерге дейінгі көмек көрсету; |
өрескел |
|
3. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға, протездік-ортопедиялық және есту протездік жәрдем көрсету; |
едәуір |
|
4. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық ем алумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету |
едәуір |
|
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. психологиялық көмек көрсету, психологиялық тренингтер өткізу; |
едәуір |
|
3. әлеуметтік-психологиялық патронаж, психопрофилактикалық жұмыс жүргізу |
едәуір |
|
4 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. балалардың білім алуына жәрдем көрсету; |
едәуір |
|
3. тұрмыстық бағдар беру, өз-өзіне қызмет көрсету, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру негіздеріне, тіл табысу дағдыларына және басқа да тыныс-тіршілік түрлеріне үйретуді жүзеге асыру; |
едәуір |
|
4. есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін меңгерулеріне жәрдем көрсету, сондай-ақ ымдау тіліне аудару бойынша қызметтер көрсету |
едәуір |
|
5 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. жоғалтқан тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; |
едәуір |
|
3. кәсіптік бағдар беру, оңалту, еңбек дағдыларын қалыптастыру және мамандық алуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды жүргізу; |
едәуір |
|
4. еңбек дағдыларын тексеру жөніндегі іс-шараларды жүргізу |
едәуір |
|
6 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және оларды жүргізу; |
едәуір |
|
3. көрсетілетін қызметті алушыларды бос уақыттағы демалыс іс-шараларына тарту |
болмашы |
|
7 |
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балалар тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтіп-бағатын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультациялар жүргізу |
болмашы |
|
8 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. адвокаттың заңдық көмегін тегін алуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету |
болмашы |
|
1.5 Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер/ұйымдар үшін критерийлер |
||
1 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. қарттар мен мүгедектерді үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру, ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру, ас әзірлеуге көмектесу, пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келу, кір жууға көмектесу, тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу, жерлеу қызметін ұйымдастыруға көмектесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; |
едәуір |
|
3. көрсетілетін қызметті алушылар отбасының мүшелерін жеке қызмет көрсету және санитарлық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларға үйретуді жүзеге асыру |
едәуір |
|
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
өрескел |
2. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға, протездік-ортопедиялық және есту протездік жәрдем көрсету; |
едәуір |
|
3. балаларды патронаждық бақылауды, үйге дәрігер шақыртуды жүзеге асыру және денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін қызметті алушыларға ілесіп жүру; |
едәуір |
|
4. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық ем алумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету |
едәуір |
|
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету |
едәуір |
|
4 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. тұрмыстық бағдар беру, өз-өзіне қызмет көрсету, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру негіздеріне, тіл табысу дағдыларына және басқа да тыныс-тіршілік түрлеріне үйретуді жүзеге асыру; |
едәуір |
|
3. балалардың білім алуына, кәсіптік білім алуына жәрдем көрсету |
болмашы |
|
5 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. көрсетілетін қызметті алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үй жағдайындағы жұмысты ұйымдастыруда консультациялар жүргізу; |
болмашы |
|
3. мамандық алуға жәрдем көрсету |
болмашы |
|
6 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; |
едәуір |
|
3. көрсетілетін қызметті алушыларды бос уақыттағы демалыс іс-шараларына тарту |
болмашы |
|
7 |
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балалар тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтіп-бағатын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультациялар жүргізу |
едәуір |
|
8 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. қорғаншылық немесе қамқорлық функцияларын жүзеге асыратын органдарға балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғанышы болуға жәрдем көрсету; |
болмашы |
|
3. кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға бала тәрбиесінен жалтаратын ата-аналарға ұсынымдар ресімдеу; |
едәуір |
|
4. көрсетілетін қызметті алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасында жасалған физикалық және психикалық күш көрсетуде кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу; |
едәуір |
|
5. адвокаттың заңдық көмегін тегін алуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету |
едәуір |
|
1.6 Уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер/ұйымдар үшін критерийлер |
||
1 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
өрескел |
2. төсек-орын ұсыну, тұру үшін жағдайын жасау, көзделген жұмсақ инвентарьды ұсыну; |
едәуір |
|
3. жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы, тұрмыстық қызмет көрсетудегі әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету; |
едәуір |
|
4. көлік қызметтерін ұсыну; |
едәуір |
|
5. санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайына қолдау көрсету, баратын жеріне дейін ілесіп жүру қызметтерін көрсету; |
едәуір |
|
6. тұрмыста өз-өзіне қызмет көрсету, санитарлық-гигиеналық рәсімдерді жүзеге асыру үшін жағдай жасау; |
едәуір |
|
7. бұрынғы тұрғылықты жеріне жіберуге жәрдем көрсету |
болмашы |
|
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
өрескел |
2. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға, протездік-ортопедиялық және есту протездік жәрдем көрсету; |
едәуір |
|
3. емдік манипуляциялар жүргізу; |
едәуір |
|
4. медициналық консультациялар беруде, дәрілік заттармен қамтамасыз етуде жәрдем көрсету |
едәуір |
|
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. психологиялық көмек көрсету, психологиялық тренингтер өткізу; |
едәуір |
|
3. әлеуметтік-психологиялық патронаж, психопрофилактикалық жұмыс жүргізу |
едәуір |
|
4 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. еңбек дағдыларын тексеру жөніндегі іс-шараларды жүргізу |
болмашы |
|
5 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; |
едәуір |
|
3. көрсетілетін қызметті алушыларды бос уақыттағы демалыс іс-шараларына тарту |
болмашы |
|
6 |
Тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдем көрсету бойынша әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету шарттарын сақтау |
едәуір |
7 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
едәуір |
2. егде жастағы азаматтар мен мүгедектерді халықты әлеуметтік қорғаудың стационарлық мекемелеріне орналастыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдем көрсету |
болмашы |
|
2. Тексерілетін субъектілер ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер мен салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін есептілік пен мәліметтердің мониторингінің нәтижелері бойынша |
||
2.1 Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілер/ұйымдар үшін ақпараттық жүйелердің мониторингі нәтижелері бойынша критерийлер |
||
1 |
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету |
едәуір |
2 |
Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету |
едәуір |
3 |
Мүгедектерді тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету |
едәуір |
4 |
Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету |
едәуір |
5 |
Мүгедектерге санаторлық-курорттық ем алуды ұсыну |
едәуір |
6 |
Қозғалуы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші ұсыну |
едәуір |
7 |
Есту қабілеті бұзылған мүгедектерге ымдау тілінің маманын ұсыну |
едәуір |
8 |
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету |
едәуір |
9 |
Мүгедектерге стационарлық жағдайда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету |
едәуір |
10 |
Мүгедектерге жартылай стационарлық жағдайда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету |
едәуір |
11 |
Мүгедектерге үйде қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету |
едәуір |
2.2 Меншік нысанына қарамастан әлеуметтік көмек көрсететін, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге/ұйымдарға арналған критерийлер |
||
1 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шеңберінде әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы жағымсыз пікірлердің болуы – алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жағымсыз пікірлер санының 20% жоғары өсуі |
едәуір |
2 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шеңберінде әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы жағымсыз пікірлердің болуы – алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жағымсыз пікірлер санының 20% дейін өсуі |
болмашы |
3 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы негізді шағымдардың болуы |
өрескел |
3. Тексерілетін субъектілер ұсынатын, алдыңғы тексерулердің және бақылаудың өзге да нысандарының нәтижелері бойынша және есептілік нысандары мониторингінің нәтижелері* |
||
3.1 Мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжеткізуін қамтамасыз ететін субъектілер/ұйымдар үшін критерийлер |
||
1 |
Қолжетімділіктің кіріс топтарына сәйкес келуі |
едәуір |
2 |
Қолжетімділіктің қызмет көрсету аймағына сәйкес келуі |
едәуір |
3 |
Қолжетімділіктің санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға сәйкес келуі |
едәуір |
4 |
Қолжетімділіктің объектідегі ақпарат құралдары мен телекоммуникацияға сәйкес келуі |
едәуір |
5 |
Қолжетімділіктің объекті аумағына сәйкес келуі |
едәуір |
6 |
Қолжетімділіктің қозғалыс жолына сәйкес келуі |
едәуір |
7 |
Қолжетімділіктің қоғамдық көлік түрлеріне сәйкес келуі |
едәуір |
3.2 Мүгедектердің мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін субъектілер/ұйымдар үшін критерийлер |
||
1 |
Мүгедектердің мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, арнаулы спорт жабдықтарын ұсыну |
едәуір |
2 |
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерді, он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларды көрсетiлген қызметтермен бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектерді – көрсетілген қызметтер құнының елу пайызын төлей отырып қамтамасыз ету |
едәуір |
* Жыл ішінде заңнаманың тиісті талаптары бұзылған жағдайларда, нәтижелер өрескел бұзушылыққа жатқызылатын болады (ӘҚБтК 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 541
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі № 496
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
бақылау саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ______________________
_______________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы Акт _______________________________
(№, күні)
Тексерілітін субъектінің (объектінің) атауы____________________
_______________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БИН ______________
_______________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы __________________________________________
_______________________________________________________________
№ |
Талаптар тізімі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талапқа сәйкес келеді |
Талапқа сәйкес келмейді |
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын меншік нысанына қарамастан жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, субъектілердің қызметіне қатысты |
|||||
1 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағалауды жүргізу мерзімдерін сақтау және қажеттілігін айқындау |
||||
2 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығару мерзімдерін сақтау |
||||
3 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шеңберінде әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы жағымсыз пікірлердің болуы – алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жағымсыз пікірлер санының 20% дейін өсуі |
||||
4 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шеңберінде әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы жағымсыз пікірлердің болуы – алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жағымсыз пікірлер санының 20% жоғары өсуі |
||||
5 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы негізді шағымдардың болуы |
||||
Стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілерге/ұйымдарға қатысты |
|||||
1 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағалауды жүргізу мерзімдерін сақтау және қажеттілігін айқындау және ұйым мамандарының қызмет алушыны бақылауы |
||||
2 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді әрбір алушыға арналған, олардың қажеттіліктері мен уақтылы бекітілуі ескерілген жеке жұмыс жоспарының/шартының болуы |
||||
3 |
Көрсетілетін қызметті алушылардың нақты құрамының Е-собес ААЖ есептілік деректерімен сәйкес келуі |
||||
4 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттілігін ескерместен жеке жұмыс жоспарын/шартын және электрондық картотеканы толық толтыру |
||||
5 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді негізді түрде тоқтата тұру және/немесе тоқтату |
||||
6 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарымен белгіленген ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтеріне қызметкерлер санының сәйкес келуі |
||||
Стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге/ұйымдарға қатысты |
|||||
1 |
Әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету шарттарын сақтау: |
||||
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
||||
4 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
||||
5 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін ұсыну шарттарын сақтау: |
||||
6 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
||||
7 |
Тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдем көрсету бойынша әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету шарттарын сақтау |
||||
8 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер ұсыну шарттарын сақтау: |
||||
Жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге/ұйымдарға қатысты |
|||||
1 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
4 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
5 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
6 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
7 |
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
8 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
Үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге/ұйымдарға қатысты |
|||||
1 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
4 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
5 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету шарттарын сақтау: |
||||
6 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
7 |
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
8 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
Уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге/ұйымдарға қатысты |
|||||
1 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
2 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
3 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
4 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету шарттарын сақтау: |
||||
5 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
||||
6 |
Тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдем көрсету бойынша әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету шарттарын сақтау |
||||
7 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету шарттарын сақтау: |
Жауапты тұлға (лар) _________ __________ ________________________
(лауазым) (қолы) (А.Т.Ә. (бар болған жағдайда)
_________ __________ ________________________
(лауазым) (қолы) (А.Т.Ә. (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы _________ __________ ________________________
(лауазым) (қолы) (А.Т.Ә. (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 541
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі № 496
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Мүгедектерді әлеуметтiк қорғау аясындағы мемлекеттік
бақылау саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ______________________
_______________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы Акт _______________________________
(№, күні)
Тексерілітін субъектінің (объектінің) атауы____________________
_______________________________________________________________
Тексерілітін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БИН ______________
_______________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы __________________________________________
_______________________________________________________________
№ |
Талаптар тізімі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талапқа сәйкес келеді |
Талапқа сәйкес келмейді |
Меншік нысанына қарамастан мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін субъектілерге/ұйымдарға қатысты |
|||||
1 |
Қолжетімділіктің кіріс топтарына сәйкес келуі |
||||
2 |
Қолжетімділіктің қызмет көрсету аймағына сәйкес келуі |
||||
3 |
Қолжетімділіктің санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға сәйкес келуі |
||||
4 |
Қолжетімділіктің объектідегі ақпарат құралдары мен телекоммуникацияға сәйкес келуі |
||||
5 |
Қолжетімділіктің объекті аумағына сәйкес келуі |
||||
6 |
Қолжетімділіктің қозғалыс жолына сәйкес келуі |
||||
7 |
Қолжетімділіктің қоғамдық көлік түрлеріне сәйкес келуі |
||||
8 |
Мүгедектердің мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, арнаулы спорт жабдықтарын ұсыну |
||||
9 |
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерді, он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларды көрсетiлген қызметтермен бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектерді – көрсетілген қызметтер құнының елу пайызын төлей отырып қамтамасыз ету |
||||
Меншік нысанына қарамастан мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сай оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге/ұйымдарға қатысты |
|||||
1 |
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету |
||||
2 |
Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету |
||||
3 |
Мүгедектерді тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету |
||||
4 |
Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету |
||||
5 |
Мүгедектерге санаторлық-курорттық ем алуды ұсыну |
||||
6 |
Қозғалуы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші ұсыну |
||||
7 |
Есту қабілеті бұзылған мүгедектерге ымдау тілінің маманын ұсыну |
||||
8 |
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету |
||||
9 |
Мүгедектерге стационарлық жағдайда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету |
||||
10 |
Мүгедектерге жартылай стационарлық жағдайда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету |
||||
11 |
Мүгедектерге үйде қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету |
||||
12 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шеңберінде әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы жағымсыз пікірлердің болуы – алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жағымсыз пікірлер санының 20% дейін өсуі |
||||
13 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шеңберінде әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы жағымсыз пікірлердің болуы – алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жағымсыз пікірлер санының 20% жоғары өсуі |
||||
14 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы негізді шағымдардың болуы |