Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2015 № 541 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.07.2015 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (Бисақаев С.Ғ.) осы бірлескен бұйрық талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік Экономикалық даму және
қорғау министрінің м.а сауда министрінің м.а
_____________ Т. Дүйсенов _________ Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 284-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 232 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарын орындау үшін тексерулерді жоспарлау және жүргізу мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және қажеттілікті айқындайтын, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығаратын жеке және заңды тұлғаларды тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімнің орындалмауынан, арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімінің бұзылуынан жеке тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылу ықтималдығы;
2) тексерілетін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және оған қажеттілікті айқындайтын жеке кәсіпкерлік саласындағы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
3. Осы Өлшемдердің шеңберінде қызмет алушыларға қарттар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған және (немесе) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар жатады.
4. Жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежелеріне стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсынбау бойынша жатқызу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімдерінің бұзылуы осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне немесе мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Бастапқыда барлық бақылау субъектілері жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылады. Кейіннен тексерулердің нәтижесі бойынша өлшемдер бойынша алған балдарын ескере отырып, тексеруден өткен бақылау субъектілері тиісті тәуекел дәрежелері топтарына бөлінеді:
1) тексеру жиілігі жылына бір рет болатын жоғары дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 11-ден 25-ке дейін балл алған бақылау субъектілері жатады;
2) тексеру жиілігі үш жылда бір рет болатын орта дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 6-дан 10-ға дейін балл алған бақылау субъектілері жатады;
3) тексеру жиілігі бес жылда бір рет болатын шамалы дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 5-ке дейін балл алған бақылау субъектілері жатады.
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімді орындайтын, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын тексерілетін субъектілерге осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген өлшемдерге сәйкес балл есептелмейді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
саласындағы және мүгедектерді
әлеуметтік қорғау аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
р/с № |
Тәуекелді бағалау өлшемдерінің атауы |
Тәуекел дәрежесін айқындаудың шекті көрсеткіштері |
1. Стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу жөнінде |
||
1.1. |
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы |
Белгіленген мерзімге сәйкес жүргізбеу – 5 балл |
1.2. |
Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы |
Жұмыс жоспарының болмауы – 5 балл |
1.3. |
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру |
Уақытылы жәрдемдеспеу – 5 балл |
1.4. |
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы |
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл |
1.5. |
Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу |
Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл |
2. Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу жөнінде |
||
2.1. |
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы |
Белгіленген мерзімге сәйкес жүргізбеу – 5 балл |
2.2. |
Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы |
Жұмыс жоспарының болмауы – 5 балл |
2.3. |
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру |
Уақытылы жәрдемдеспеу – 5 балл |
2.4. |
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы |
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл |
2.5. |
Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу |
Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл |
2.6. |
Мамандық алуға жәрдемдесу |
Қызметтің көрсетілмеуі – 5 балл |
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
саласындағы және мүгедектерді
әлеуметтік қорғау аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
р/с № |
Тәуекелді бағалау өлшемдерінің атауы |
Тәуекел дәрежесін айқындаудың шекті көрсеткіштері |
1. |
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы |
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болмауы – 5 балл |
2. |
Оңалту шараларының мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес орындалуы |
Ішінара орындалды – 5 балл |
3. |
Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу |
Уақытылы өтініш бермеу және оны алмау – 5 балл |