"Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 393 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 тамызда № 7135 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 № 324 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 5489 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiнде:
      46-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы толық көлемдегі жылдық есептi - онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімі бюджет түсімдерінің санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және сыныптама ерекшелігін, ал бюджеттің шығыстарын қамтитын есептің бөлімі функционалдық топтарды, функционалдық ішкі топтарды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды қамтуы тиіс толық көлемдегі электрондық деректер қоры түрiнде есептіден кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, сондай-ақ қағаз тасушыда осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес қалыптастырылған есептiден кейінгі жылдың 10 наурызға дейін.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Ведомство мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру үшiн жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне мынаны ұсынады:
      1) сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын есептемегендегi есептi айдағы республикалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы айлық есеп деректерi - сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын ескере отырып есептiден кейiнгi айдың 3 күнiнен кешiктiрмей - электрондық дерек қоры түрiнде және бiрiктiрiлген нысанда қағаз тасушыда есептiден кейiнгi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей ондағы бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмi бюджет түсiмдерi сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттарын және сыныптарын ұстауы тиiс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептiң бөлiмдерi бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық тобын және кiшi тобын ұстауы тиiс.
      Сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын есепке алғанда есепті қаржы жылынан кейінгі келесі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректер Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебіне материалдарды талдау және дайындау үшін пайдаланылады.
      2) есептi жылғы республикалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің есептерінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілік деректерімен салыстырылған деректер - санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiн.»;
      49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. Жергiлiктi бюджеттер бойынша бюджеттiк даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыру, инвестициялар бойынша, сондай-ақ өзінің мазмұны бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыруға және «Басқалар» деген бөлімде көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға жатпайтын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қорытынды деректердi көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар қалыптастырады.»;
      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «82. Жарты жылдық, 9 айға және өткен қаржы жылы үшiн кредиторлық берешек туралы жедел есептің деректері бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi есептi кезең үшiн бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептi бергеннен кейiн нақтыланады және кредиторлық берешек туралы есеп қайта жасалады.»;
      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «83. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ведомство және бюджеттi атқару жөнiндегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi уәкiлеттi органдары жарты жылдық және 9 айға кредиторлық берешек туралы нақтыланған есептердi өткен қаржы жылы үшiн есептiден кейiнгi екiншi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей, жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша – есептi қаржы жылының үшiншi айының 1 күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң теңгерiмдерiн есептеу баптары бойынша тиiстi кезеңдерге есеп кредиторлық берешектiң жағдайы туралы талдамалық деректермен бiрге бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне бередi.»;
      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «95. Жарты жылдық, 9 айға және өткен қаржы жылы үшiн дебиторлық берешек туралы жедел есептің деректері бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi есептi кезең үшiн бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептi бергеннен кейiн нақтыланады және кредиторлық берешек туралы есеп қайта жасалады.»;
      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «96. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ведомство және бюджеттi атқару жөнiндегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдары жарты жылдық және 9 айға дебиторлық берешек туралы нақтыланған есептердi өткен қаржы жылы үшiн есептiден кейiнгi екiншi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей, жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша – есептi қаржы жылының үшiншi айының 1 күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң теңгерiмдерiн есептеу баптары бойынша тиiстi кезеңдерге есеп дебиторлық берешектiң жағдайы туралы талдамалық деректермен бiрге бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне бередi.»;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп»;
      көрсетілген Ережеге 18-қосымшада:
      реттік нөмірі 5.4-жолдың 2-бағанында «Түсімі» деген сөз «Өтелуі» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Бюджет процесінің әдіснамасы департаментi (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын заңнамада белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министрінің м.а.                                 Б. Шолпанқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады