Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 қыркүйекте № 7156 тіркелді

      «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу үшін ғылыми немесе педагог қызметкерлерге бөлінген квоталарды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына (2011 жылғы 26 мамырдағы № 221 (26619) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 6961 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакциядағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) квота бойынша мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері үшін құжаттар қабылдау – 2011 жылғы 1 маусымнан 15 қыркүйекке дейін;».
      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә.Ырсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады