Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 604 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 желтоқсанда № 7327 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Денсаулық көрсеткіштері бойынша ішкі істер органдары кадрларының сапалық құрамын жақсарту үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 6175 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, 7 тамыз, № 13) бұйрығына мынадай өзгерістер:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулық жағдайы сәйкестігіне қойылатын Талаптарда:

      87-қосымшада төртінші және бесінші абзацтар мына редакцияда жазылсын:

      "ІІ баған бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 165 см), жол полициясының саптық бөліністерінің қызметкерлері бойы кемінде 175 см (әйелдер үшін 165 см), ДМИ кемінде 19 кг/м2";

      I, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар прокуратура, қаржы полициясы органдары, кеден органдары, өртке қарсы қызмет, ішкі істер қылмыстық–атқару жүйесі үшін бойы кемінде 165 см (әйелдер үшін – 160 см), ішкі істер органдарына қызметке түсетіндер және кандидаттар үшін, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсетіндер үшін бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см), ДМИ кемінде 18,5 кг/м2 ".

      тоғызыншы абзац мына редакцияда жазылсын:

      "Осы талаптардың I, III, IV бағандарына жатқызылған қатардағы және басшы құрам адамдары лауазымдарынан ІІ баған бойынша лауазымдарға ауысқан кезде мыналар міндетті түрде ескерілсін: бойы кемінде 170 см (әйелдер 165 см), жол полициясының саптық бөліністерінің қызметкерлері лауазымына бойы кемінде 175 см (әйелдер үшін 165 см)".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Н.Қ. Нұрғазин) жүктелсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Н.Қ. Нұрғазин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Министр


милиция генерал-майоры

Қ. Қасымов

"Келісілді"


Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрі


__________________ С. Қайырбекова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады