Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.08.2019 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.08.2019 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ.Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жұмағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ____________С. Қайырбекова 30 желтоқсан 2011 ж. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2020 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі
2. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын қабылдауды және оқытуды қамтиды.
3. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне ақылы негізде оқуға қабылдауды ЖЖОКБҰ-лар дербес жүзеге асырады.
4. Оқуға түсушіге, егер олар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес алғаш рет оқуды жүзеге асырса, мемлекеттік білім беру тапсырысында тегін оқу мүмкіндігі беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. ЖЖОКБҰ дайындық бөлімінде мемлекеттік білім беру бойынша оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау ЖЖОКБҰ конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
6. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
3) жалпы орта (жалпы орта), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ЖЖОКБҰ арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
3) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда);
4) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тұлғалар оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тану рәсімінен өтеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ арқылы күнтізбелік жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Ұсынылған құжаттарды ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкестігіне құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді.
ЖЖОКБҰ ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкес болса, құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға хабарлама жолдайды. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, түсушіге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Оқуға түсу үшін құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алынғаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қайта тіркеу жүргізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Конкурстық іріктеуді өткізу үшін ЖОО оқытушылары қатарынан қабылдау комиссиясы құрылады және Комиссия мүшелерінің құрамынан комиссия төрағасы сайланады. Комиссия мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болып табылады. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында өткізеді.
13. Конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін ЖЖОКБҰ әзірлейді және бекітеді. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесін, өткізу күнін, уақыты мен орнын қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін жеткізіледі. Тыңдаушылар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-да конкурстық іріктеуден өтеді.
14. ЖЖОКБҰ өткізетін конкурстық іріктеуден өту кезінде тыңдаушы оның жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттың тіркелгені туралы хабарламаны ұсынады.
15. Конкурстық іріктеуді өткізу қорытындылары еркін нысанда Комиссия хаттамасымен ресімделеді және оған комиссия төрағасы мен барлық қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау туралы шешім шығарылады және күнтізбелік жылдың 25 қыркүйегіне дейінгі мерзімде конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың назарына жеткізіледі.
ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан конкурстық іріктеу аяқталған күні оның нәтижелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне береді.
16. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары қатарына қабылдауды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 25-28 қыркүйегі аралығында өткізеді.
17. ЖЖОКБҰ-лар тыңдаушыларды оқуға қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде дайындық бөлімдеріне қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Министрлікке ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Дайындық бөлімдерінде оқыту күндізгі оқыту нысаны және қашықтықтан оқыту бойынша жүзеге асырылады. Сабақтар күнтізбелік жылдың 1 қазанынан басталады. Оқу мерзімі – 9 ай.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін қашықтықтан оқыту:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;
2) растайтын құжаттарды ұсына отырып, бала туылған кезде, бала үш жасқа толғанға дейін оны асырап алу;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, оқу жылы ішінде тұрғылықты жері бойынша кеткен және шекараның жабылуы, карантин жариялануы себебінен және оларға байланысты емес өзге де мән-жайлар бойынша қайтып оралуға мүмкіндігі жоқ ұлты қазақ адамдар үшін ұсынылады.
20. Оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға оқуды аяқтағаны туралы анықтама (еркін нысандағы) беріледі.
21. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығаруға:
1) тыңдаушының өз еркімен оқудан шығу туралы өтініші;
2) ЖЖОКБҰ-ның ішкі тәртібін бұзуы негіз болып табылады.
Тыңдаушыны ЖЖОКБҰ-дан шығару ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ресімделеді, оның көшірмесі оқудан шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Министрлікке жіберіледі.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. ЖЖОКБҰ-лар жыл сайын күнтізбелік жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне дайындық бөлімдерінің өткен кезеңдегі жұмысы туралы қорытынды есеп береді.
23. ЖЖОКБҰ-лар дайындық бөлімдері тыңдаушыларының статистикалық және паспорттық есебін жүргізеді.