Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 439/59-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 670 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «Ереже», «Ережемен», «Ережеде», «Ереженің», «Ережеге», «ережесіне», «ережесінде», «ережесінің», «ережесін» деген сөздер «Қағидасы», «Қағида», «Қағидамен», «Қағидада», «Қағиданың», «Қағидаға», «қағидасына», «қағидасында», «қағидасының», «қағидасын» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 "Вечерняя Астана", 2010 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы қағидасында:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.";
      26-тармақта "он" сөзі "бес" сөзімен ауыстырылсын;
      2-тарау мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:
      "6-бөлім. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
      38-1. Амбулаторлық емделуде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:
      1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8 баптарымен мәртебесі белгіленген соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға";
      2) Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбектері үшін зейнетақы алушыларға ұсынылады.
      38-2. Астана қаласының әкімдігі жыл сайын Әлеуметтік көмек шеңберінде ұсынылатын дәрі-дәрмек құралдарының тізбесін бекітеді.
      38-3. Әкімші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталіне (бұдан әрі – Клиникалық госпиталь) осы Қағидасының 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімдерін, сондай-ақ жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәліметтерді жыл сайын 3 қаңтарға дейін ұсынады.
      38-4. Осы Қағиданың 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын дәрі-дәрмек құралдарына мұқтаж азаматтар Клиникалық госпитальге белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецептті алуға хабарласады.
      38-5. Клиникалық госпиталь Әкімші ұсынған дәрі-дәрмек құралдарының бекітілген тізбесі мен азаматтардың тізімдеріне сәйкес, хабарласуына қарай белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерді беруді жүзеге асырады.
      38-6. Клиникалық госпиталь берген белгіленген үлгідегі ұсынылған жеңілдікті рецепттерге сәйкес дәрі-дәрмек құралдары Жеткізушілердің дәріханалық мекемелерінде жіберіледі.
      38-7. Жеткізушілер ай сайын келесі айдың 5-не дейін жіберілген дәрі-дәрмек құралдарының тізілімдемелері мен берілген жеңілдікті рецепттердің түпнұсқаларын Әкімшіге ұсынады.";
      39-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер;";
      42-тармақта "және дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуге" деген сөздер алынып тасталсын;
      43-тармақтың 1) тармақшасында:
      "5,7" сандары "5" санымен ауыстырылсын;
      "6,7" сандары "6" санымен ауыстырылсын;
      "7,7" сандары "7" санымен ауыстырылсын;
      "8,7" сандары "8" санымен ауыстырылсын;
      43-тармақтың 2) тармақшасында:
      "5,7" сандары "5" санымен ауыстырылсын;
      43-тармақтың 3) тармақшасында:
      "3,1" сандары "2,4" санымен ауыстырылсын;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Соғыс ардагерлеріне, соларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай төлемге құқығы бар бірнеше адам бір тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген жағдайда, төлем осы Қағиданың 43-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа тек қана біреуіне жүргізіледі.";
      51-тармақтың үшінші, төртінші, алтыншы, оныншы, он үшінші азатжолдары "Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне" деген сөздермен;
      52-тармақтың бірінші азатжолы "төлемдер" деген сөзден кейін "Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне" сөздермен толықтырылсын;
      3-бөлімнің 6-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-тарау. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер";
      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "78. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер Астана қаласы мәслихатымен Әкімшіге ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.";
      79-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты сессиясының
      төрағасы - хатшысы                         В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады