Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 17.05.2013 № 107-789 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2011 оқу жылына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы № 22-290қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 мамырдағы № 629 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2010 жылғы 22 мамырдағы № 53 (2519), "Вечерняя Астана" газетінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 65 (2522) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2013 оқу жылдарына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
1-тармақта:
"2010-2011 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2010-2013 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттері есебінен 2010-2013 оқу жылдарына Жол картасы аясында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы".
2. Білім басқармасының бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов