Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 472/66-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 4 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 689 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 09.11.2016 № 69/11-VI (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы №432/58-IV «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 47 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 45 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында:
      6-тараудың 2-бөлімінің 46-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу үшін жеке немесе заңды тұлғалардың жер учаскелерін (коммуникацияларды салуды, аумақтың инженерлік дайындығын, абаттандыруды, көгалдандыру мен жер учаскесін жайғастырудың басқа түрлерін қоса алғанда) осы Қағидаға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдалану».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Х. Сәдуақасов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Астана қаласының Сәулет
      және қала құрылысы басқармасы» ММ
      (СжҚҚБ) бастығы                            С. Жүнісов

      «Астана қаласының
      Құрылыс басқармасы» ММ
      (ҚБ) бастығының міндетін атқарушы          Н. Нұрсағатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады