Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV "Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 491/70-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 694 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 09.11.2016 № 69/11-VI (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы №  432/58-IV "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 47 "Вечерняя Астана", 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 45 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында:
      4-тарауда:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) инженерлік желілерді жөндеуге, салуға, шағын сәулет нысандары мен қалалық безендіру және абаттандыру элементтері құрылыстарымен байланысты қала аумақтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру;
      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тұрғын ғимараттарындағы жекелеген орын-жайларды немесе жекелеген бөліктерін құрылыс-монтаждау жұмыстарына (жұмыстың басталуы), қайта жөндеуге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру";
      14-тарауда:
      171, 173, 174, 175, 176, 182, 186 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "171. Жол жабындыларын, тротуарларды, гүлзарлар мен басқа да объектілерді, қалалық шаруашылық элементтерін бұзумен инженерлік желілерді жөндеуге, салуға, шағын сәулет нысандары мен қалалық безендіру және абаттандыру элементтері құрылыстарымен байланысты қала аумақтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізу сәулет және қала құрылысы органымен берілетін қалалық аумақтарды ашуға берілген рұқсатының негізінде жүзеге асырылады";
      173. Қала аумағын ашуға рұқсат алу үшін сәулет және қала құрылысы органына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) мүдделі қызметтердің келісімдерін қоса берумен, өтініш беруші және/немесе мердігер туралы ақпараты бар белгіленген нысандағы өтініш;
      2) қосымшасымен сұратылған жұмыс түрлерін жүргізуге арналған лицензиялардың көшірмесі;
      3) бұзылатын абаттандыруды қайта қалпына келтіруге кепілдеме хаты;
      4) жұмыс жүргізу бойынша келісілген жоба (жаңа құрылыс кезінде), учаскенің топографиялық түсірілімі (инженерлік желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде);
      5) жұмыс жүргізу кестесі;
      6) егер жұмыс аймағында жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаса, оларды қазып алуға, басқа жерге отырғызуға рұқсат;
      7) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бақылайтын аймақ шегінде жұмыс жүргізу кезінде оның рұқсаты;
      8) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат (жаңа инженерлік желілер мен құрылыс салу кезінде).
      174. Қала аумағын ашуға рұқсат алу үшін өтініштерді қарау мерзімі өтініштерді тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды, мерзімі өтуі бойынша сәулет және қала құрылысы органы жұмыс жүргізуге рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлел келтірілген хат береді.
      175. Тоқтаусыз қалпына келтіру жұмыстарын талап ететін инженерлік желілерде апаттар болған жағдайда, жол жабындыларын ашу, көшелерді, аудандар мен жалпы қолданыстағы басқа да орындардың қазуды рұқсатты ресімдеусіз, бірақ мүдделі қызметтер мен сәулет және қала құрылысы органына кейін оны ресімдеумен, тез арада (24 сағат ішінде) хабар беру.
      176. Инженерлік желілер мен құрылыстың бұзылуынан сақтанудың және алдын алудың қажетті шараларын қабылдау үшін сәулет және қала құрылысы органында қалалық аумақты ашуға рұқсат алған тұлға жұмыстың басталуына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей:
      а) алдағы жүргізілетін жұмыстар орнына пайдаланушы ұйымдардың өкілдерін шақырады;
      б) олармен бірлесіп қолданыстағы желілер мен құрылыстың нақты орналасуын белгілейді;
      в) олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
      Пайдаланушы ұйымдардың басшылары жұмыс жүргізу орнына өздерінің өкілдерінің келуін қамтамасыз етеді және жұмыс жүргізу кезінде өздеріне тиесілі желілер мен құрылыстың сақталуын қамтамасыз етудің жеткілікті жазбаша түрде шарттар береді. Пайдаланушы ұйымдардың басшылары байланыс желілерін, электр кабельдерін, басқа да инженерлік желілерді өткізу орындары мен жұмыстар жүргізілетін учаскелердегі күзетілетін аймақтарды көрсетеді, олар сигналды сақиналар және ленталармен анықтап белгіленуі қажет, аталған өкілдермен және рұқсат алушымен қол қойылған сұлбаларда көрсетілу тиіс.
      182. Рұқсат алушы қалпына келтірілген учаскені:
      көше-жол желісінің учаскелерін қазу кезінде - сәулет және қала құрылысы органына;
      өзге қалалық аумақтарды қазған кезде - Астана қаласы аудандары әкімдіктері аппараттарының жауапты мамандарына ұсынады";
      186. Қала аумағын ашуға арналған рұқсатта көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы мен жол полициясы басталған жұмысты тоқтата алады, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, мүдделі қызметтерге белгіленген тәртіпте келтірілген шығындарды өндіру бойынша жұмыс жүргізу үшін ақпарат ұсынуға, бұзған тұлғаға заңнамаға сәйкес шара қолдануға құқылы.";
      15-тарауда:
      189, 191, 193-тармақтары мынадай редакцияда:
      "189. Өндірістің тоқтап қалуына себеп болған инженерлік желілер мен құрылыстар бұзылған кезде, апатты жағдайда пайдалануында осы құрылыстары бар мекеменің басшылары мен уәкілетті өкілдері апат туралы дабыл алғаннан кейін мынадай іс-шаралар жүргізеді:
      1) бұзылып қалған желілерді ажыратып, қайта қосу үшін жауапты тұлға жетекшілігімен апаттық бригадаларды жедел шақырады;
      2) сәулет және қала құрылысы органына, абаттандыру қызметіне, жол полициясына, өртке қарсы қызметке, сондай-ақ апат болған орында шектес жерасты шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға апат жөнінде хабарлайды. Ал қоршаған ортаға шығын келтірген жағдайда, жоғарыда көрсетілген ұйымнан басқа қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орган, ал апат су құбырларында және/немесе кәріздік желілерде болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабардар етіледі.
      Егер үлкен апат түнгі уақытта болса, телефонограмма апаттың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі органға, апатты жою жөніндегі ұйымның іс-әрекетін үйлестіру үшін әкімдіктің тиісті қызметіне жіберіледі.
      191. Апат салдарын жою жөніндегі жұмыстар инженерлік желілер мен құрылыстың бұзылуына жол берген ұйымға жүктеледі. Апат салдарын жою жөніндегі жұмыс өндірісінің барлық жағдайларында жұмысты жүргізіп жатқан ұйым жұмысты тоқтатпай, сәулет және қала құрылысы органынан жұмыс жүргізуге рұқсат алуға міндетті.
      193. Қолданылмайтын құрылысты жою және қазылған жерлердегі жабындыларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар сәулет және қала құрылысы органынан рұқсат алғаннан кейін жүргізіледі.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       X. Сәдуақасов

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    Е. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Астана қаласының Сәулет
      және қала құрылысы басқармасы" ММ
      (СжҚҚБ) бастығы                            С. Жүнісов

      Астана қаласының Құрылыс басқармасы"
      MM (ҚБ) бастығы                            В. Лютов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады