Көкшетау қаласының жерлерінде орналасқан және автотұрақтар (паркингтер)үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 17 маусымдағы № С-47/9 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 шілдеде 1-1-152 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № С-54/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.12.21 № С-54/16 шешімімен
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанына, 386-бабы 3-тармағына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қаласының жерлерінде орналасқан және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салық ставкалары он есе ұлғайтылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Төртінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының
      47 сессияның төрағасы                      Ж.Балғабаев

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады