2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 19 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 1-3-165 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 маусымдағы № 01-10/42 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 17.06.2013 № 01-10/42 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелерімен сәйкес, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар – наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Ақкөл аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Үйсімбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      «Ақмола облысы Ақкөл
      аудандық Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ.Т.Нұрмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады