Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 "Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № С 45-4 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 қаңтарда № 1-3-167 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № С 44-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.02.2015 № С 44-4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 «Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-3-163 тіркелген, 2011 жылғы 4 қарашада аудандық «Ақкөл өмірі», «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріне:
      2 бөлімнің 9 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «Тұрғын үй көмегі жеке меншікте бір бірліктен артық үйі (пәтері, үйі) бар немесе үйін жалға берген отбасыларды (адамдарды), сонымен қатар отбасы құрамындағы еңбекке жарамды адам жұмыс істемесе, оқымаса және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмесе, мүгедектерді, күтімде қажеттілігі бар деп танылған мүгедектерге, жеті жасқа дейінгі балалардың, сексен жастан асқан тұлғалардың күтімін іске асыратын тұлғаларды және 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1930 «Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, № 1 және № 2 тізімдері бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алушыларды есептемегенде, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тағайындалады.»;
      1 бөлімнің 3 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      Өтемақы шарамен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Өтемақы мөлшерлер коммуналдық қызметтері үшін нақты қолданудан шыға тұра, шектелген шамалардан артық емес мөлшерінде: газбен қамтамасыз етілгені үшін бір адамға 4 килограммнан, бірақ отбасына алғанда айына 16 килограммнан немесе 2 баллоннан артылмайтын мөлшерде, электр қуатымен қамтамасыз етілгені үшін санауыштың көрсеткіштері бойынша, бірақ айына бір адамға 50 киловаттан және отбасына 200 киловаттан артылмайтын мөлшерде бекітіледі.
      Қатты отынды пайдаланғаны үшін өтемақы жергілікті жылуы бар үйлер үшін пайдалы ауданының 1 шаршы метрге 83 килограмм мөлшерінде (қазан айы мен сәуір айы аралығындағы жылу беру мерзіміне), бірақ отбасыға 5 тоннандан көп емес мөлшерінде бекітілсін. Көмір бағасын өткен тоқсанда жинақталған санақ мәліметтері бойынша орташа бағасымен алынсын.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде көмірді мерзімдік сатып алуына байланысты, қатты отын шығындарының өтемақы мөлшерлері шегінде жылу беру мерзімі кезеңінде өтініш берген тоқсанның үш айына жылына бір рет ескеріледі.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде шығын мөлшері мен жергілікті жылу беру үшін қолданылатын басқа отын түрінің бағасын шығынның эквивалентік мөлшеріне және көмірдің құнына есептелінсін.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Г.Сейітова

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ю.Ужакин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.С.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады