Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 05.06.2012 № А-233 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Акшинеевке Б.Т. жүктелсін.
3. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Маржықпаев Е.