Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.08.03 № 7/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелері және мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауданның селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүзден айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде 2012 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Р.Федорова
Аудандық мәслихат хатшысы Ю.Сериков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Е.Маржықпаев