Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.04.2013 № 65 хатымен).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 5С 8/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 5С 8/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Муратов Р.Р.
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.
«келісілді»
Атбасар ауданының
әкімі Әубәкіров Р.Ш.