2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 21 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 1-6-160 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3337 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге» сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар–наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Астрахан селосы, Алтынсарин көшесі, 63 үй мекен-жайында орналасқан «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы
      Астрахан ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі
      біріккен бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С.Кантемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады