Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелеріне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы от жеті жасқа толатын, 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Л.Дүйсенов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Ерейментау
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы_ Дильдибаев
Дулат Бакирович