Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы ауданы әкімдігінің «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 16 наурыздағы № А-2/96 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-13-128 тіркелген, 2011 жылғы 1 сәуірде № 13 аудандық «Жақсы жаршысы - Жаксынский вестник» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмінiң орынбасары А.Д.Бралинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының әкiмі И.Қабдуғалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының ішкі
істер департаменті
Жақсы ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ.Сатыбаев
Жақсы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ А-8/311 қаулысына қосымша
Жақсы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ А-2/96 қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Журбин Андрей Юрьевич |
«Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) |
Тайтанова Жанна Егінбайқызы |
Жақсы ауданының әкімі аппаратының басшысы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
|
Аубакиров Ербол Советұлы |
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Абилдаева Гүлжан Тарғынқызы |
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жақсы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның хирург дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) |
Титова Екатерина Николаевна |
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жақсы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медициналық бикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша) |