Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № 665 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылғы қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қорғалжын ауданының әкімі Д.Хамитжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы
Қорғалжын ауданының
Қорғаныс істер жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ә.Әленов