Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 17.06.2013 № 112 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 422 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға арналған Қорғалжын ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ш.Джузбаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Ө.Балғабаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қорғалжын ауданының әкімі Д.Хамитжанов
«Ақмола облысы бойынша
салық Департаментінің
Қорғалжын ауданы бойынша
салық басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а. М.Алибекова
Қорғалжын аудандық
мәслихатының 2011 жылғы
12 желтоқсандағы № 3/39
шешіміне қосымша
2012 жылға арналған Қорғалжын ауданы
аумағында қызметін жүзеге асыратын
барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай
тіркелген салық ставкалары
Рет |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкалары |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
9 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
15 |
5 |
Карт |
6 |
6 |
Бильярд үстелі |
10 |