2012 жылдың қаңтар-наурызында 1995 жылы туған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Целиноград ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 13 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 желтоқсанда № 1-17-157 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3337 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында 1995 жылы туған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Целиноград ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Бабатай-ұлы көшесі, 20 үй мекенжайы бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Жунусов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысы Целиноград
      ауданының қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Н. Хамидулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады