Щучье ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/32 "Щучье ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамсыз етуді көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № А-11/478 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 1-19-213 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № А-6/328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012.06.19 № А-6/328 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабынын 2 тармағының 3 тармақшасына, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Щучье ауданы әкімдігінің «Щучье ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-123 тіркелген, 2008 жылдың 28 ақпанында аудандық «Бурабай» газетінде, 2008 жылдың 31 қаңтарында аудандық «Луч» газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын: «Бурабай ауданында үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы»;
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «Бурабай ауданында үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін»;
      3 тармақ алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады