Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2012.05.24 № 8 шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында, Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бурабай ауданында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде 1995 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Щучинск
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Саманов