Жамбыл ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 3-2-116 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жамбыл ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1. Жамбыл Жабаев;
      2. Көкпектас;
      3. Тыңгерлер;
      4. Ярослав;
      5. Ыбырай Алтынсарин;
      6. Ырғыз;
      7. Дина Нұрпейісова;
      8. Мұхтар Әуезов;
      9. Амангелді Иманов;
      10. Тұрар Рысқұлов;
      11. Әбілқайырхан;
      12. Шоқан Уәлиханов;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімі аппаратының жетекші маманы Карабалаев.Б.жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауылдық округі әкімі:              Қ.О. Бигалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады