Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 4 "2011 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 15 шешімі. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 мамырда № 3-3-127 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 02-6/20 хатымен.

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013.01.30 № 02-6/20 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "2011 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-119 тіркелген, 2011 жылғы 1 ақпандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің № 6-7 жарияланған) № 4 шешімге төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің бірінші тармағы "жетпіс" деген сөзден кейін "еселік" деген сөзбен және " алты жүз отыз еселік" деген сөзден кейін "айлық есептік" деген сөздермен толықтырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі нұсқасының бірінші тармағы "семидесятикратному месячному" деген сөздерден кейін "расчетному" деген сөзбен және "шестисоттридцатикратный размер" деген сөздерден кейін "месячного" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету "Алға аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" ММ-не, орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы:

хатшысы:

Б.Есембаев

А.Кайрушев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады