Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 95-ІҮ Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Әлеуметтік көмек:
1) Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне, ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандарға - 2000 теңге;
2) ең төменгі зейнетақы алатын және ең төменгі зейнетақыдан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) бірінші, екінші, үшінші топтағы жалпы аурудан, бала кезінен, әскер борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға ай сайын - 3000 теңге мөлшерінде көрсетілсін.
2. "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы № 32 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-5-73 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 мамырда "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы: | хатшысы: |
Н.Сәрсенбайұлы | М.Өтемұратов |