Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013.01.15 № 05-10/20 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын орындау үшін, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және өткізу қамтамасыз етілсін.
2. "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы (Д.Шайжанов -келісім бойынша);
1) осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
2) осы шешімнің орындаулуы жөніндегі ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2012 жылдың 25 наурызға дейін беру ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
4. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Сагиев |