2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 17 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қаңтарда № 3-7-136 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 04-243 хатымен.

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012.10.12 № 04-243 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2012 жылдың қаңтарынан науырызына дейінгі кезеңде "Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Қобда ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

      2. Ұсынылсын:

      1) "Қобда аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс – шаралар жүргізсін;

      2) "Қобда аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

      3. Ауылдық округ әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және әскерге шақырылушыларды хабардар етуді және олардың дер кезінде "Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

      4. "Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын, тіркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

      5. Аудан әкімінің 2011 жылғы 07 ақпандағы № 4 "1994 жылы туылған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің (2011 жылғы 25 ақпанында нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-7-100 болып тіркелген, 2011 жылғы 02 наурыздағы № 11 "Қобда" газетіндегі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.

      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

А. Жүсібалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады