Ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудындық мәслихатының 2011 жылғы 3 ақпандағы № 219 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 ақпанда № 3-8-128 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 тамыздағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.08.09 № 31 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Азық түлік бағаларының көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың «Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-80, 2009 жылғы 18 наурызда «Мәртөк тынысы» № 12 газетінде жарияланған; аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 «Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 107 шешімімен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-86, 2009 жылғы 27 мамырдағы «Мәртөк тынысы» № 24-25 газетінде жарияланған енгізілген өзгерістерді ескеріп) күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудандық экономика және кәсіпкерлік бөлімі (А.Т.Жұмабаева) әлеуметтік көмек төлеуге қаржы қарастырсын.
      4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А. Алматбаева) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                    хатшысы

      И.Жұмабаев                            А. Смағұлов

Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим пенсию ниже минимальной

Решение маслихата Мартукского района Актюбинской области от 3 февраля 2011 года № 219. Зарегистрировано Управлением юстиции Мартукского района Актюбинской области 23 февраля 2011 года № 3-8-128. Утратило силу решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 9 августа 2012 года № 31

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 09.08.2012 № 31.

       В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года № 148 и  подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95 районный маслихат РЕШАЕТ:
      1. В связи с повышением цен на продовольственные продукты оказать социальную помощь в размере 1,5 месячного расчетного показателя пенсионерам, получающим пенсию ниже минимальной.
      2. Признать утратившим силу решение районного маслихата «Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим минимальную пенсию и ниже минимальной пенсии, а также инвалидам І, ІІ, ІІІ групп от общего заболевания» от 19 февраля 2009 года № 84 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-8-80, опубликованное 18 марта 2009 года в газете «Мәртөк тынысы» № 12; с учетом внесенных изменений решением районного маслихата «О внесении изменения в решение районного маслихата от 19 февраля 2009 года № 84 «Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим минимальную и ниже минимальной пенсии, а также инвалидам І,ІІ,ІІІ групп от общего заболевания» от 24 апреля 2009 года № 107 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-8-86, опубликованное 27 мая 2009 года в газете «Мәртөк тынысы» № 24-25).
      3. Районному отделу экономики и предпринимательства (Жумабаева А.Т.) предусмотреть финансовые средства на выплату социальной помощи.
      4. Районному отделу занятости и социальных программ (Алматбаева Г.А.) обеспечить ежемесячные выплаты.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2011 года.

      Председатель сессии               Секретарь районного
      районного маслихата                    маслихата

      И.Жумабаев                            А.Исмагулов