Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 102 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Халықаралық балаларды қорғау күніне, кәмелетке толмаған (18 жасқа дейінгі) балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына – 20 000 (жиырма мың) теңге;
Халықаралық қарттар күніне, базалық зейнетақыны қосқанда ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге – 10 000 (он мың) теңге.
2. Біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай түрде аудандық бюджет қаражаты есебінен алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.
3. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.А.Алматбаева) осы шешімнің жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
4. Аудандық мәслихаттың «Ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткелерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 219 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-128, 2011 жылғы 17 наурыздағы «Мәртөк тынысы» газетінің № 14 жарияланған), «Аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-127, 2011 жылғы 17 наурыздағы «Мәртөк тынысы» газетінің № 14 жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Н.Хусаинова А.Смағұлов