Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011.02.03 № 219 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 аудандық мәслихаттың шешіміне (№ 3-8-80 тіркелген, 2008 жылғы 18 наурыздағы «Мәртөк тынысы» № 12 газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шешімнің атауында, 1 тармағындағы «сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
М.Ордабаев А.Смағұлов