Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.08.09 № 31 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азық түлік бағаларының көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Аудандық мәслихаттың «Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-80, 2009 жылғы 18 наурызда «Мәртөк тынысы» № 12 газетінде жарияланған; аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 «Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 107 шешімімен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-86, 2009 жылғы 27 мамырдағы «Мәртөк тынысы» № 24-25 газетінде жарияланған енгізілген өзгерістерді ескеріп) күші жойылды деп танылсын.
3. Аудандық экономика және кәсіпкерлік бөлімі (А.Т.Жұмабаева) әлеуметтік көмек төлеуге қаржы қарастырсын.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А. Алматбаева) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
И.Жұмабаев А. Смағұлов