Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда № 3-8-80 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудындық мәслихатының 2011 жылғы 3 ақпандағы № 219 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудындық мәслихатының 2011.02.03 № 219 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009.04.18 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармағынан қараңыз) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Заңының 6 бабының және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009.03.27 N 93 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармағынан қараңыз) шешімімен.

      1. Азық-түліктердің бағаларының көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына - ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, 1,5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009.04.18 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2 тармағынан қараңыз) шешімімен.

      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (А.Т.Жұмабаева) әлеуметтік төлем төлеуге қаржы қарастырсын.

      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А.А.Тұрмағамбетова) ай сайынғы төлеудерді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Цыбаға жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы               хатшысы

      Т.Нұрпазілов                     А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады