2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 3-10-153 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 04-2/1122 хатымен.

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімі аппаратының 2012.06.21 № 04-2/1122 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қаулысын орындау үшін, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде 1995 жылы туған, тіркелетін жылы 17 жасқа толатын, сонымен қатар Темір ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан бұрын тіркеуден өтпеген, ересек жастағы еркек жынысты азаматтарды "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      Тіркеуді өткізу бойынша іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.

      2. Ұсынылсын:

      1) "Темір аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізу;

      2) "Темір ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру.

      3. Қалалық, кенттік, селолық округтерінің әкімдері тіркеуді жүргізу кезеңінде әскерге шақыру жасына дейінгілерге "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етіп ұйымдастырсын.

      4. "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар алынсын. Тіркеу нәтижесі туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарлансын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б.Қаниев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады