Жанама ауылдық округіндегі Жанама ауылындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 26 тамыздағы N 14 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 23 қыркүйекте N 2-5-157 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және Жанама ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жанама ауылдық округіндегі Жанама ауылындағы атаусыз көшелерге төмендегідей көше атаулары қойылсын: бірінші көшеге Абай Құнанбаев, екінші көшеге Жамбыл Жабаев, үшінші көшеге Дінмұхамед Қонаев, төртінші көшеге Ілияс Жансүгіров, бесінші көшеге Бауыржан Момышұлы, алтыншы көшеге Қаныш Сатпаев, жетінші көшеге Әлия Молдағұлова, сегізінші көшеге Мәншүк Мәметова.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жанама ауылдық округінің бас маманы Гүлсім Аманкельдықызы Башаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жанама ауылдық
      округінің әкімі                            Қ. Мухаметкалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады