Қарасу селолық округіне қарасты Сарыбай би, Еңбекшіарал, Қайназар, Қарасай, Қызылсоқ ауылдарындағы жаңа көшелерге ат беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу селолық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қарашадағы N 11-225 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 2-7-124 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Қарасу селолық округінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарасу селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу селолық округіне қарасты Сарыбай би ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары берілсін: бірінші көшеге - Қазақстан, екінші көшеге - Жетісу, үшінші көшеге - Майбұлақ, төртінші көшеге - Достық, бесінші көшеге - Қарасу, алтыншы көшеге - Батыс, жетінші көшеге - Ақжайық, сегізінші көшеге - Шапағат, тоғызыншы көшеге - Таусамалы, оныншы көшеге – Басбатыр;
      оңтүстік батысында орналасқан көшеге Теректі аты берілсін.

      2. Еңбекшіарал ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Шығыс, екінші көшеге - Орталық, үшінші көшеге - Көкбастау, төртінші көшеге -Алмалы, бесінші көшеге - Еңбекшіарал, алтыншы көшеге - Тәуелсіздік аттары берілсін.

      3. Қайназар ауылының солтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары берілсін: бірінші көшеге - Достық, екінші көшеге – Жастар, үшінші көшеге - Қайназар, төртінші көшеге - Шығыс, бесінші көшеге - Болашақ, алтыншы көшеге - Бейбітшілік, жетінші көшеге – Батыс, сегізінші көшеге – Атамекен, тоғызыншы көшеге – Көкжиек, оныншы көшеге – Көкдала, он бірінші көшеге – Кеңсай;
      солтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге – Алматы, екінші көшеге – Бірлік;
      оңтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге - Ұзынағаш, екінші көшеге – Шұғыла, үшінші көшеге - Ақдала, төртінші көшеге - Астана, бесінші көшеге - Суықтөбе, алтыншы көшеге – Бесмойнақ;
      оңтүстік шығысында орналасқан бірінші көшеге – Үштөбе, екінші көшеге - Көкөзек, үшінші көшеге – Наурыз, төртінші көшеге - Майтөбе,
      бесінші көшеге - Бәйтерек, алтыншы көшеге - Ақтасты, жетінші көшеге - Қызылауыз, сегізінші көшеге - Тікенді, тоғызыншы көшеге - Сұңқар, оныншы көшеге - Желтоқсан, он бірінші көшеге - Ақтайлақ, он екінші көшеге - Жерұйық, он үшінші көшеге - Арасан, он төртінші көшеге – Сарыжазық аттары берілсін.

      4. Қарасай ауылының солтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары берілсін: бірінші көшеге - Айдарлы, екінші көшеге - Аққайнар, үшінші көшеге – Алатау;
      солтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге - Ақжар,екінші көшеге - Алғабас аттары берілсін.

      5. Қызылсоқ ауылының солтүстік батысында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары берілсін: бірінші көшеге - Кенесары, екінші көшеге - Өзтүрік Мұстафа, үшінші көшеге – Ынтымақ;
      оңтүстік шығысында орналасқан бірінші көшеге-Қайнар, екінші көшеге – Байқоңыр аттары берілсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу селолық округі әкімдігінің аппаратының жетекші маманы Жумашева Светлана Есенбайқызына жүктелсін.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу селолық
      округінің әкімі                      А.Утепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады