1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 11-136 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 14 желтоқсанда N 2-8-188 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Есік қаласы, Абай көшесі, 322 және Шелек селосы Қадыров көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан "Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       2. Қала және селолық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"  мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Жамалов Ташполат Жамалұлына жүктелсін.
       4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Еңбекшіқазақ ауданының
      Қорғаныс істер жөніндегі
      бөлім" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қазахбаев Төлеген Ермекұлы
      28 қараша 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады