Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің /Салық кодексі/ 381-бабына және 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жүргізілген жерлерді өңірлерге бөлу жобалары /схемалары/ негізінде Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2011 жылға төмендегі жоғарылатылған түзету коэффициенттері қолданылсын:
1 өңір, түзету коэффициенті 1,5.
2 өңір, түзету коэффициенті 1,4.
3 өңір, түзету коэффициенті 1,3.
2. “Қарасай ауданы бойынша 2011 жылға жер салығының базалық ставкасы қосымшаға сәйкес бекітілсін /қосымша тіркелген/.
3. Қарасай аудандық Әділет басқармасында 19.01.2010 жылы мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-11-78 болып енгізілген Қарасай аудандық мәслихатының 21.12.2009 жылғы,Қарасай ауданы аумағында жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы” (2010 жылдың 20 ақпанында "Заман жаршысы" газетінің № 8 санында жарияланған) № 35-6 шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына /С.Д.Донбаев/, аудандық салық басқармасына /төрағасы С.Нұрғазиев/ ұсынылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен | |
тыс 51-ші сессиясының төрағасы | Қ.О.Қатубаев |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | М.Т.Ахметов |
Қарасай аудандық мәслихатының 10.03.2011 жылғы № 51-4,Қарасай ауданы аумағында жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы” шешіміне қосымша |
Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары.
Аудандық маңызы бар қалалар
(Қаскелең қаласы)
1-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасы базалық ставка 5,79 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,5
ставка түзету коэффициентімен 8,69 теңге 1 ш.м.
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкасы базалық ставка 0,39 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,5
ставка түзету коэффициентімен 0,59 теңге 1 ш.м.
Селолар (ауылдар)
1-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасыбазалық ставка 0,48 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,5
ставка түзету коэффициентімен 0,72 теңге 1 ш.м.
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салықтың базалық ставкасы
базалық ставка 0,09 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,5
ставка түзету коэффициентімен 0,14 теңге 1 ш.м.
2-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен
ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне
салынатын салықтың базалық ставкасы
базалық ставка 0,48 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,4
ставка түзету коэффициентімен 0,67 теңге 1 ш.м.
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салықтың базалық ставкасы
базалық ставка 0,09 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,4
ставка түзету коэффициентімен 0,13 теңге 1 ш.м.
3-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасы
базалық ставка 0,09 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,3
ставка түзету коэффициентімен 0,12 теңге 1 ш.м.
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салықтың базалық ставкасы
базалық ставка 0,09 теңге 1 ш.м.
түзету коэффициенті 1,4
ставка түзету коэффициентімен 0,13 теңге 1 ш.м.
Аудандық мәслихат
хатшысы М.Ахметов