Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 26.02.2018 № 25-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қарасай аудандық Әділет басқармасында 19.01.2010 жылы мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-11-79 болып енгізілген Қарасай аудандық мәслихатының 22.12.2009 жылғы "Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (2010 жылдың 13 ақпанында "Заман жаршысы" газетінің № 7 санында жарияланған) № 36-3 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезектен тыс 51-ші | |
сессиясының төрағасы | Қ.О.Қатубаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | М.Т.Ахметов |
Қарасай аудандық мәслихатының 10.03.2011 жылғы № 51-5 "Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы” шешіміне қосымша | |
№ | Салық салу объектісінің атауы | Бір объектіге төленетін салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік корсеткіште) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары | 6 |
2 | Бірден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары | 10 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4 | Ойын жолы | 25 |
5 | Карта | 4 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |