Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 51-5 шешімі. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 07 сәуірде N 2-11-101 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 26.02.2018 № 25-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қарасай аудандық Әділет басқармасында 19.01.2010 жылы мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-11-79 болып енгізілген Қарасай аудандық мәслихатының 22.12.2009 жылғы "Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (2010 жылдың 13 ақпанында "Заман жаршысы" газетінің № 7 санында жарияланған) № 36-3 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс 51-ші
      сессиясының төрағасы Қ.О.Қатубаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М.Т.Ахметов

  Қарасай аудандық мәслихатының 10.03.2011 жылғы № 51-5 "Қарасай ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы” шешіміне қосымша
 

Салық салу объектісінің атауы

Бір объектіге төленетін салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік корсеткіште)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары

6

2

Бірден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Ойын жолы

25

5

Карта

4

6

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады